
1912 жылы 23 тамызда Қарағанды облысы Ұлытау ауданы №6 аулында дүниеге келген. 1934-1940 жылдары Мәскеу тау-кен институтында оқып, тау-кен инженері дипломын алды. Техникалық ғылымдар кандидаты, 37 ғылыми еңбектері бар.
Еңбек жолын 1940 жылдың мамырында Костенко атындағы шахта учаскесінің бастығы болып бастады.
1941 жылы 1 маусымда Қызыл Әскер қатарына шақырылды, батарея және дивизион командирі ретінде фашистерге қарсы шайқасты.
1945 жылы Жеңістен кейін Қазақстанға қайтып келді, «Қарағандыкөмір» комбинаты «Кировкөмір» тресті №3-бис шахтасының бас инженері болды, сосын №31,37 шахталарының бастығы болды. А.С. Макаров жүйесі бойынша және «Донбасс» секілді кен қамту комбайындарын енгізу үшін көп үлес қосты. №37 шахтаны артта қалушылардан шығарды, осы шахтада «Донбасс» көмір шығару комбайнында әлемдік рекордты ұйымдастырды.
1960-1989 жылдар аралығында «Қарағандыкөмір» комбинаты капиталды құрылыс трест басқарушысының орынбасары, «Абайкөмір» трест басқарушысы, ҚКИҒИ директорының орынбасары.
Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, ордендерімен, «Мәскеу қорғанысы үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен, I дәрежелі Шахтер даңкы құрмет белгісімен марапатталған.
Қарағанды көмір өнеркәсібінің дамуына, жас шахтерлер кезегін тәрбиелеуіне қосқан зор еңбегі үшін 1997 жылдың 30 маусымында «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Атақ берілген күні: 1997 жылы 30 шілде