
1903 жылы 6 қарашада Ставрополь аймағы Александровск ауданы Расшеватовская станицасында дүниеге келген. Еңбек жолын жедел медициналық жәрдемінің санитары болып бастады. 1929 жылы Кубань медициналық институтын оқып бітірді.
1933 жылдан бастап Қарағандыда. Облыс денсаулық қорғау жүйесін үйымдастырушылардың бірі, медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақ КСР еңбек сіңірген дәрігері. Бөлім меңгерушісі, аурухана бас дәрігері, облыстық денсаулық қорғау бөлімінің меңгерушісі болып жүмыс істеді. Қарағандыда Ұлы Отан соғыс жылдарында эвакогоспиталь тобын басқарды. 1950-1974 жылдар аралығында Қарағанды медициналық институтының ректоры. Әлеуметтік гигиена және Орталық Қазақстандағы денсаулық қорғауды үйымдастыру мәселелері бойынша 70-тен астам ғылыми еңбектердің авторы.
Ленин, Қазан революциясы, Қызыл Жұлдыз, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.
Қала және облыс денсаулық қорғаудың дамуына қосқан зор еңбегі үшін, белсенді ғылыми-педагогтық және қоғамдық іс-әрекеті үшін 1973 жылдың 15 қарашасында «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Атақ берілген күні: 1973 жылы 15 қараша