
1911 жылы 15 қыркүйекте Қарағанды облысы Тельман ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1931 жылы шахтада вагоншы болып бастады. 1932 жылдан бастап тау-кен десятнигі, 1934 жылдан бастап алғашқы комсомол ұйымының хатшысы, 1937 жылдан бастап №19 шахта кәсіподағының төрағасы. Содан кейін Қарағанды көміршілер кәсіподақ комитетінің төрағасы, партия облыстық комитеті көмір бөлімінің меңгерушісі, Ленин аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан КП ОК нұсқаушысы болып істеді.
Қарағанды тау-кен техникумын, содан кейін Қазақстан КП ОК маңындагы Жоғары партия мектебін, Свердлов тау-кен институтын оқып бітірді.
«Елеулі еңбегі үшін», «Ұлы Отан соғыс жылдарындағы қаһарманды еңбегі үшін», «Ұлы Отан соғыс Жеңісінің 50 жылдығына», Қарағанды облыстық атқарушы комитетінің Құрмет мақтау қағаздарымен марапатталған.
Кәсіби іс-әрекетіндегі жетістіктерімен: ОМКТ механикалық комлексі енгізудегі рекордын ұйымдастыру, желдеткіш вертикалды діңгекті өту бойынша, тау-кен өндірудің бүкілодақтық рекорды, мақтануына толық құқылы.
Ұлы Отан соғыс жылдарында, көмір бассейннің дамуына қосқан зор еңбегі үшін, жастарды тәрбиелеуге белсенді қатысқаны үшін 1997 жылы 17 қаңтарда «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Атақ берілген күні: 1997 жылы 17 қаңтар