
1914 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын 1937 жылы №1 шахтада бекітпе орнатушы болып бастады. 1946-1975 жылдары комбайыншы, №44-45, 31-бис, 35 (қазір Қарағанды шахтасы) шахталарында тазалау забойының тау-кен жұмыскерлер бригадирі болып жұмыс істеді.
Бәшір Нұрмағамбетов - стахановшылар жаңа ұрпақтарынан. Оның бригадасы облыста бірінші болып коммунистік еңбек ұжымы атағына ие болды. Ол көмір шығаруды көбейтуінің бастаушысы, еңбектің озат тәсілдерін енгізушісі. 1958 жылы Б. Нұрмағамбетов бригадасы Донбасс атақты забойшысы, Социалистік Еңбек Ері Николай Мамайдың бригадасын әр жұмыскермен әр жұмыс орнында өнім шығарудың күнделікті мөлшерін асырып орындауға жарысқа шақырды. Бригаданың әр мүшесі 13,6 тонна мөлшерден әр ауысымда 16 тоннадан беруге міндеттенді, яғни 2,4 тоннаға артық..
Б. Нұрмағамбетов - Социалистік Еңбек Ері (1946). КОКП 19-ші съезінің делегаты, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес депутаты. Ленин, Еңбек Қызыл Ту (екі рет), «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.
Көмір өнеркәсібінің дамуына, жас жұмыскерлерді тәрбиелеудегі қосқан зор еңбегі үшін, коғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін 1977 жылдың 27 қазанында «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.