
1929 жылы 5 қыркүйекте Чуваш АКСР Мариинско-Посадск ауданы Шоршелы деревнясында дүниеге келген. 1954 жылы ұшқыштар әскери авиациялық училищесін оқып бітірді.
1960 жылдан бастап ғарышкерлер дайындау Орталығында.
1962 жылы 11-15 тамызда "Восток-3" ғарыш кемесінде ғарышқа сапар жасады. 12 тамызда П.Р. Попович басқарған "Восток-4" ғарыш кемесі ұшырылды. Николаев пен Поповичтің топтық ұшуы 70 сағат 23 минутқа созылды.
Әлемде бірінші рет "Восток-3" және "Восток-4" ғарыш кемелерінің ұзаққа созылған топтық сапарын іске асырғаны үшін Ленин орденін және Алтын Жұлдыз медалін тапсыруымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді және КСРО ұшқыш-ғарышкері атағы берілді. 1970 жылы 1-19 маусымда А.Г. Николаев "Союз-9" ғарыш кемесінің командирі ретінде ғарышқа екінші рет сапарын өткізді (В.И. Севостьяновпен бірге).
А.Г. Николаев кеңестік, шетелдік ордендермен және медальдармен марапатталған, оған БХР Социалистік Еңбек Ері атағы, ВСР Еңбек Ері атағы, МХР Ері атағы берілген. Ғарышкер К.Э. Циолковский атындағы алтын медалімен, Халықаралық астронавтика академиясының жоғарғы сыйлығы Даниель және Флоренс Гуггехейм атындағы сыйақысымен, Гагарин атындағы және де Лаво медальдарымен марапатталған.
Ғарыш кеңістігін игеруіне сіңірген ерекше еңбегі үшін, "Союз-9" ғарыш кемесінде ғарыш сапарын ойдағыдай өткізгені үшін, оның Қарағанды маңына дұрыс қондырғаны үшін 1970 жылдың 25 маусымында "Қарағанды қаласының Құрметті азаматы" атағы берілді.
Атақ берілген күні: 1970 жылы 25 маусым