
Н.Ә.Назарбаев 1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелен ауданы Шамалған селосында дүниеге келген. Ол мектепті бітірген соң ірі металлургия комбинатының кұрылысы салынып жатқан Қарағанды облысындағы Теміртау қаласына барды. Осы кәсіпорынның жолдамасымен Днепродзержинск қаласындағы (Украина) техникалық училищеде металлург мамандығына оқыды, оны 1960 жылы табысты аяқтады. Көп жылдар бойы оның өмірі Қарағанды металлургия комбинатымен байланыста болды. Бұл жерде ол еңбек және үлкен өмір мектебінен өтті — шойыншы, домна пешінде көрікші, диспетчер, домна цехында аға газовщик болып жұмыс істеді.
1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық училищені «қара металлдар металлургиясы» мамандығы бойынша бітіріп, «инженер-металлург» мамандығын алып шығады.
Экономикалық және өндірістік проблемаларды жақсы меңгеруі, адамдармен жұмыс істей білуі, өз көзкарасын корғаудағы табандылығы, принциптілігі оны қоғамдық жұмыстарға ұсынуға ыкпал етті: 1969 жылдан бастап ол Қарағанды және Теміртау калаларындағы жастар, партия жетекшісі болады, кейін оны Алматыға ауыстырады.
1984 жылғы наурызда Нұрсұлтан Әбішұлы ҚазКСР-ы Министрлер Кеңесінін Төрағасы болды, ал 1989 жылғы маусымда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінін Бірінші хатшысы болып сайланды. 1990 жылғы ақпанда Республика Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы болып сайланды.
жылғы сәуірде Қазақстаннын бірінші Президенті болып сайланды.
жылғы желтоқсанда бүкілхалықтық президенттік сайлауда ол қайтадан дәлелді жеңіске жетті. 1995 жылғы сәуірдегі бүкілхалықтық референдум оның президенттік өкілеттігін 2000 жылғы желтоқсанға дейін ұзартты.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінін Жоғарғы Бас қолбасшысы.
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы.
X, XI шақырылған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты. КСРО халық депутаты (1989-1990 ж.ж.).
Х-ХІІ шақырылған Қазақ КСР-ы Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1990-1993 ж.ж.).
«Құрмет белгісі» орденімен (1972 ж.), «Еңбек Қызыл Ту» орденімен (1980 ж.), В.И.Лениннің туғанына 100 толуын мерекелеуге орай «Ерен еңбегі үшін» мерейтойлық медалімен (1970 ж.), «Тың жерлерді игергені үшін» медалімен (1984 ж.), Қазақ КСР-ы Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет Грамотасымен (1971 ж.) марапатталған.
«Руханият» рухани қайта жаңаруға ыкпал ету Халықаралық қауымдастығы 1993 жылы оған «Жыл адамы» атағын берді.
Әдеби әуестігі — тарих, философия, экономика.
Сүйікті ісі — спорт (үлкен теннис, атқа міну, тау шаңғысы, волейбол, суда жүзу, аңға шығу).
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дәйекті әлеуметтік-экономикалық және саяси қайта құруға, мемлекеттілікті нығайтуға арналған бағыты, елде тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді сақтау жөніндегі шаралары халықтың үлкен қолдауына ие болды. Ядролық қарусыз әлемді құруға және қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған белсенді сыртқы саяси қызметі, ірі интеграциялық және келісімдік бастамалары арқылы Қазақстан Президенті халықаралық аренада үлкен беделге ие болды.
Н.Ә.Назарбаев — экономика ғылымының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Халықаралық инженерлік академияның академигі, Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры, Ресей әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Экоиомикалық және әлеуметтік даму проблемалары жөніндегі бірқатар ғылыми еңбектердің авторы. Оның қаламынан қоғамдық-саяси тақырыпқа арналған бірнеше кітап жарық көрді. Соңғы жылдары оның түрлі материалдары ірі әлемдік басылымдарда басылып шықты.
Қазақстан Президентінің жұбайы — Сара Алпысқызы (1941 жылы туған) мамандығы бойынша инженер-экономист, «Бөбек» («Малыш») Республикалық балалар қорын басқарады.
Қазақстан Президенті жұбайы екеуі үш қыз тәрбиелеп отыр: Дәриға (1963 жылы туған), тарихшы; Динара (1967 жылы туған), экономист; Әлия (1980 жылы туған). Сондай-ақ, немерелері де өсіп келеді.
Қарағанды қалалық мәслихатының II шақырылған XXI сессиясының 2001 жылғы 12 желтоқсандағы №9 шешімімен Қазақстан Республикасының Президентіне еліміздің мемлекеттілігінің калыптасуы мен табысты өркендеуіне, қоғамдық тұрақтылықтың және ұлтаралық келісімнің нығаюына, тарихи зерденің оралуына, ұлттық мәдениет пен тілдің сақталуы мен дамуына, экономикалық реформаларды жүзеге асыруға қосқан зор жеке үлесі үшін, сондай-ақ Қарағанды каласының проблемаларын стратегиялық тұрғыда шешкені, оған күнделікті көңіл бөліп, нақты қолдағаны үшін «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Атақ берілген күні: 2001 жылы 12 желтоқсан