Меню

Страницы

Статья

Молдахметов Зейнолла Молдахметұлы

1933 жылдың 3 тамызында Солтүстік Қазақстан облысында туды. 1956 жылы Абай атындағы Алматы институтын аяқтады. 1959–1962 жылдары Москвадағы М.В. Ломоносов атындағы жұқа химиялық технология аспирантурасында оқыды. 1963 – 1965 жылдары С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінде, Целиноград Педагогикалық техникумының проректоры болып жұмыс істеді. 1965 – 1974 жылдары ҚазССР ҒА – ның химия-металлургия лабораториясын басқарды.
1974-1980 sh;1лдары Қазақ Химия металлургия институтының ректоры, 1980-1988 жылдары Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің ректоры, 1988 жылдан ҚР Ғылыми Ұлттық Академиясының Орталық Қазақстан бөлімшесінің академик хатшысы және ҚР МНВО көмірхимия және органикалық синтез институтының директоры ҚР және одан тыс жерлерде белгілі кванттық химия ғылыми мектебін ұйымдастырды.
З. Молдахметов – химия ғылымының докторы, ҚазССР ҒА академигі. Ол – 248 ғылыми еңбектің, 6 монографияның, 16 авторлық куәліктердің иесі. 1971 жылы еңбекшілердің қалалық Кеңесіне, 1975 жылы халық депутаттарының облыстық Кеңесіне сайланды.
«Еңбек Қызыл Ту» және «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Ерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Қаланың ғылыми және білім беру потенциалының қалыптасуына және дамуына, жас ұрпақты тәрбиелеу мен жоғары білімді мамандарды дайындауға елеулі үлес қосқаны және Қарағанды қаласының өміріне белсене қатысқаны үшін 2001 жылы «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Атақ берілген күні: 2001 жылы 22 тамыз

Дата публикации
19 января 2023
Дата обновления
19 января 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

01 декабря 2025
Қоғамдық кеңес отырысының 2025 жылғы 27 қарашадағы хаттамасы
01 декабря 2025
Қарағанды қаласы Қоғамдық кеңесінің сараптамалық қорытындысы
11 ноября 2025
Қарағанды қаласы Қоғамдық кеңесінің эксперттік қорытындысы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы