
1936 жылы 26 маусымда Қарағанды облысы Тельман ауданы Ростовка селосында туды. 1959 жылы Ленинград электротехникалық байланыс институтын бітірді, техникалық ғылымның кандидаты.
Өзінің еңбек жолын Қарағанды ғылыми-зерттеу көмір институтының кіші ғылыми қызметкерінен бастады. 1961 жылдан 1963 жылға дейін Қарағанды облыстық комсомол комитетінің бөлім меңгерушісінің орынбасары, қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып еңбек етті. 1965 жылдан сектор бастығы, бөлім бастығы, бас инженер, Базалық изотопты лабороторияда электрониканың бастығы қызметін атқарып еңбек жолынан өтті. 1980 жылдан ВНИИ ОКБ Қарағанды филиалының директоры, 1992 жылдан бастап «Черметавтоматика» НПО ерекше жобалау-конструкторлық бюросының директоры, 1994 жылдан бастап «Казчерметавтоматика» АТАҚ президенті болды.
«Халықтар достығы» орденімен, «Ерлік еңбегі үшін» медалімен, «Астана» естелік медалімен марапатталды.
ҚазССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚазССР еңбегі сіңген өнеркәсіп қызметкері.
Қаланың қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысқаны, инженер кадрларды дайындау жөніндегі ұйымдастыру қызметі мен ғылыми-өнеркәсіп потенциалын дамыту және кұру саласындаға елеулі еңбегі үшін 1999 жылы 11 тамызда «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Атақ берілген күні: 1999 жылы 11 тамыз