
«КСРО үшінші көмір базасын жасау және дамуындағы КОКП күресі» атты кітабында мынадай жолдар бар: «Бауырлас Украина мен РКФСР-ның жоғары оқу орындарында дайындалған, Қарағандыда нақты жұмыспен тәрбиеленген қазақ инженерлер арасында Бақтығали Мәулетов, Файзулла Серғазин, Бағымбек Сыпатаев, Абылқас Сағынов жақсы танылған, олардың аттары Қарағанды көмір бассейн тарихымен тығыз байланысты». Б.М. Мәулетов 1913 жылы 15 тамызда шаруа отбасында дүниеге келген, Орынборда Қазақ аймақтық тәжірибе-үлгілі мектебінде оқыды. Содан кейін Украинаға Донецк өнеркәсіптік институтына жіберілді. Инженер дипломын алғаннан кейін Қарағандыға келді. Киров атындағы шахтаның бас механигінің көмекшісі болып тағайындалды, содан кейін №3 оқу комбинатының оқытушысы, шахтаның ішкі көлігінің бастығы болып жұмыс істеді.
Ұлы Отан соғысына қатысты, қатты жарақат алғаннан кейін 1943 жылы Қарағандыға қайтып келді. №1-бис ОК БКП (б) партогы және Киров атындағы шахталардың ОК БКП (б) парторг орынбасары, №31-бис шахтасының бастығы болып жұмыс істеді. 1949 жылдан бастап Б.М. Мәулетов Киров аудандық комитетінің бірінші хатшысы, қалалық партия комитетінің екінші хатшысы болды. Партиялық жұмыстан 60-ші жылдар басында өндіріске ауысты. «Қарағанды» шахтасы директорының орынбасары болып істеді.
Б.М. Мәулетов зор еңбектері мемлекеттік сыйлықтармен белгіленген: I дәрежелі Отан соғысы орденімен және медальдармен.
Бассейн көмір өнеркәсібінің, Қарағанды қаласының дамуына қосқан зор еңбегі үшін, қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін 1980 жылдың 5 мамырында «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Атақ берілген күні: 1980 жылы 5 мамыр