
1944 жылы Қарағанды облысы Тельман ауданы Токаревка селосында туған.
1962 жылы Куйбышев каласындағы Суворов училищесін бітірген.
1964-1965 жылдары бокстан Қазақ КСР чемпионы болды.
1962,1966 жылдары КСРО, «Еңбек резервтері» ОС чемпионы болды.
1969 жылы КСРО Қарулы Күштерінің чемпионы атанды. Жастар арасында бокстан КСРО кұрама командасының мүшесі болды.
1968 жылдан бастап Алматы каласындағы ЦСКА-да қызмет етті.
1962 жылдан 1964 жылға дейін Қарағанды қаласындағы № 58 сегіз жылдық Караганды мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.
1964 жылы Қарағанды мемлекеттік педагогикалык институтына «дене шынықтыру мұғалімі» мамандығы бойынша оқуға түседі.
1970 жылы «Еңбек» БСҚ-на аға бапкер-оқытушы болып қабылданады.
1970 жылдан 1979 жылға дейін Қарағанды облысының бокстан аға бапкері болып жұмыс істеді.
1984-1985 жылдары жоғары спорттық шеберлік мектебінің бокс бөлімшесінде бапкер-оқытушы болды.
1985 жылдан бастап 1989 жылға дейін ұлттық бапкер және бокстан құрама командасының техникалық директоры ретінде келісім-шарт бойынша жұмыс істеу үшін Камерун Республикасында іссапарда болды.
2002 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін бокстан олимпиадалық резервтегі облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің бапкер-оқытушысы болып жұмыс істейді.
Жұмыс істеген кезеңінде 80-нен аса КСРО-ның және Қазақстан Республикасының «Спорт шеберлерін», Әлем Кубогының қола жүлдегерін, КСРО Чемпиондарын, мектеп оқушыларының Бүкілодактық спартакиадаларының Чемпиондарын, Әлемнің, Азияның және Еуропа Чемпиондары мен қатысушыларын дайындады. 20-дан астам спортшылары КСРО кұрама командасының мүшелері болды.
Камерун Республикасының құрмет орденімен, «Қазақ КСР халыққа білім беру үздігі», «КСРО мәдениеті мен спортының үздігі» белгілерімен, II және III дәрежелі «Еңбек Даңқы» құрмет белгісімен, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» медалімен марапатталған. Бокстан жэне кик-бокстан Қазақстан Республикасының Құрметті бапкері.
Қарағанды қаласының спортын дамытуға қосқан зор үлесі үшін оған 2007 жылғы 16 мамырда «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілген.
Атақ берілген күні: 2007 жылы 16 мамыр