
Грузия ССР-ның Азаврет селосында 1951 жылы 7 тамызда туып өсті.
1968 жылдан 1974 жылдары аралығында Қарағанды политехникалық институтында оқыды. Алғашқы еңбек жолын институтта оқып жүріп, I Вертикальная шахтасында тау-кен жұмыскері болып бастады. Институтты аяқтаған соң Қарағанды көлік автотресі мекемесіне ПТО бөліміне инженер, конструктор-технологиялық топтың инженері, ЕҒҰ лабораториясының бастығы кызметін атқарды. 1979 жылы Қарағанды № 3 автопаркінің бас инженері, 1987 жылдан бері осы кәсіпорынның бастығы болып келеді.
Жолаушылар тасымалдау көліктерін дамытуға, қаланың маңызды объектілерінің құрылысына жеке белсене қатысқаны және қала тұрғыңдарына қайырымдылық жәрдем көрсетуі, қоғамдық-саяси қызмет пен жас ұрпақты тәрбиелеуге елеуі үлес қосқаны үшін 2001 жылдың 12 желтоқсанында «Қарағанды каласының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Атақ берілген күні: 2001 жылы 12 желтоқсан