
Ол 1908 жылы дүниеге келген. Алғашқы еңбек жолы Қарағанды шахталарымен байланысты. 1931-1938 жылдары забойшы, электро-слесарь-механик болып жұмыс істеді. Сосын Корней Горбачев атындағы №8/9 шахтасының кәсіподақ комитетінің төрағасы болып сайланды. 1940-42 жылдары «Кировкөмір» тресті №3 шахтасының парторгы болып сайланды.
1942 жылы майданға өз еркімен аттанды. 1943 жылдың қыркүйегінде 12 атқыштар дивизиясы 32 атқыштар полкінің пулеметшылар есібін басқарып, Днепр өзенінен тездетіп өту барысында ерлік жасады. Армияның өзеннен өтуін қамтамасыз етіп, фашистердің бірнеше шабуылдарын тоқтатты.
Жарақаталғаннан кейін туған Қарағандыға қайтып келді. С.М. Киров атындағы, №20 шахталарында парторг, Ленин аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, Қарағанды қалалық атқарушы комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. 1958-1972 жылдары Қазақ КСР ғылым Академиясы химия-металлургия институт директорының орынбасары болды. 1972-1985 жылдары аталған институттың патент-ақпараттық бөлімнің инженері болды.
Кеңес Одағының Батыры. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Ленин, «Құрмет белгісі»
ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. Химия-металлургия институт ғимаратында Мартбек Мамыраевтың бюсты орнатылған.
Ұлы Отан соғысында фашисттерге қарсы күрестегі зор еңбегі үшін, көмір өнеркәсібінің дамуына қосқан үлкен үлесі үшін және қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін 1971 жылдың 25 наурызында «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Атақ берілген күні: 1970 жылы 25 маусым