
1930 жылы 20 наурызда Шығыс Қазақстан облысында туды. Қарағанды қаласында 1937 жылдан бастап тұрады. Орта мектепті аяқтағаннан кейін 1948 жылы нанкомбинаты жанындағы училищені аяқтады. 1961 жылға дейін осы кәсіпорынды жұмысшыдан нан комбинаты директорының орынбасарына дейін түрлі қызметті атқарды. 1961 жылдан бастап Облнанкомбинаты кәсіподақ комитетінің төрайымы, 1971 жылдан бастап тамақ өнеркәсібі қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ комитетінің хатшысы болып сайланды. 1987 жылы ардагерлер қозғалысына белсене қатысқан. Қазіргі кезде Қазыбек би атындағы ауданның Ардагерлер Кеңесінің төрайымы, ҚР Орталық ардагерлер Кеңесінің мүшесі, қалалық Ардагерлер Кеңесі президиумының мүшесі, I шақырылған Қарағанды қалалық мәсли-хатының депутаты болып сайланды.
«Еңбек ардагері», «В. Лениннің 100 жылдығына» медальдарымен, Облатқаруком-итетінің, ВЦСПС, Қазкәсіподақ Кеңесінің және басқа да грамоталармен марапатталды.
Қаланың қоғамдық-саяси өміріне және ардагерлер қозғалысына белсене қатысқаны үшін 1999 жылы «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Атақ берілген күні: 1999 жылы 11 тамыз