
1924 жылғы 23 шілдеде туған.
Ұлы Отан соғысы басталғанда Мемлекеттік қорғаныс министрлігіне жазған табанды өтінішінің аркасында 19 жасар Вера Ивановна ерікті түрде майданға аттанады. Свердловск байланысшылар әскери мектебін бітіріп, Витебск түбіндегі соғысқа, 3-ші Белорус майданы құрамында Беллоруссияны азат етуге, Кенигсбергті алуға катысады.
Соғыстағы ерлігі үшін 2-ші дәрежелі «Отан соғысы», «Қызыл Ту» ордендерімен және 14 медальмен марапатталады.
Майданнан оралған Вера Ивановна I арнайы іріктеу бойынша Қарағанды каласына келіп, №83 шахтада откатчитца болып жұмыс істейді.
Көп ұзамай оны шахта ішіндегі көлік бригадасының десятнигі етіп тағайындайды.
Бұл бригада оның басшылығымен Октябрь революциясының 30 жылдығына арналған социалистік жарыста жеңімпаз атанады.
Т. Күзембаев атындағы шахтада кен диспетчері болып 7 жыл жүмыс істегеннен кейін, ол шахта комитетінің төрайымы болып сайланады.
В.И. Макушина шахталарда 25 жылдан аса жұмыс істеген, оның ішінде 10 жыл жер астындағы жұмыс өтілі.
Жұмыс бастылығына қарамастан сырттай кәсіптік мектепті және СМ. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірді.
Еңбектегі жетістіктері үшін Ленин орденімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен және облыстық халық депутаттары Кеңесінің Грамоталарымен марапатталған.
1975 жылғы 9 мамырда КСР Одағының ардагерлер Кеңесі Вера Ивановнаға ардагерлер қозғалысына белсене қатысқаны үшін Грамотамен марапаттады.
Вера Ивановна ұзақ жылдар бойы Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудандық соғыс және еңбек ардагерлері Кеңесінің мүшесі ретінде принциптілікпен және іскерлікпен жұмыс істеп келеді.
Ұлы Жеңістің 60-жылдығы кұрметіне, Ұлы Отан соғысы кезінде Отан алдындағы зор еңбегі, Қарағанды көмір бассейнінің дамуына қосқан үлесі, қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін 2005 жылдың 30 сәуірінде «Қарағанды каласының Құрметті азаматы» атағы берілген.
Атақ берілген күні: 2005 жылы 30 сәуір