
1935 жылы 7 қаңтарда Владимир облысы Вязники қаласында дүниеге келген.
1958 жылы С.Орджоникидзе атындағы Мәскеу авиациялық институтын бітірді.
1966 жылдан бастап ғарышкерлер дайындау Орталығында болды.
1969 жылы 11-16 қазанында В.М. Кубасов (Г.С. Шонинмен бірге) «Союз-6» ғарыш кемесінің бортинженері ретінде ғарышқа ұшты. 1975 жылы 15-21 шілдеде екінші рет «Союз-19» ғарыш кемесінің бортинженері ретінде ғарышқа ұшты (экипаж командирі - А.А. Леонов). Әлемде бірінші рет екі елдің КСРО мен АҚШ «Союз» және «Аполлон» ғарыш кемелері біріккен ғарыш сапарын өткізді. 1980 жылы 26 мамыр-3 маусымда В.Н. Кубасов «Союз-36» (ғарышкер-зерттеуші ВХР азаматы Берталан Фаркаш) ғарыш кемесінің халықаралық экипажының командирі болып «Салют-6» орбиталдық станциясына сапарын жасады.
«Союз-6», «Союз-7», «Союз-8» ғарыш кемелерінің топтық ғарыш сапарын ойдағыдай өткізгені үшін және сол кездегі білдірген батырлық пен батылдығы үшін В.Н. Кубасовқа Ленин орденін және «Алтын Жұлдыз» медалін тапсыруымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
В.Н. Кубасов көптеген кеңестік, шетелдік ордендермен және медальдармен және де К.Э.
Циолковский атындағы Алтын медалімен, Ю.А.Гагарин атындағы Алтын медальмен марапатталған. Ол Венгрия халық республикасының батыры.
Ғарышты сәтті игергені үшін, ғарыш кемелерінің топтық ғарыш сапарын ойдағыдай өткізгені үшін, ғарышта балқытып біріктіру жүмыстарының эксперименттерін жүзеге асырғаны үшін, «Союз-6» ғарыш кемесін Қарағанды аумағына үздік қондырғаны үшін 1969 жылдың 23 қазанында «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Атақ берілген күні: 1969 жылы 23 қазан