
1903 жылы Ставрополь аймағы Минеральные Воды қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 1916 жылы темір жолдың жөндеуші жұмыскері болып бастады. 1928 жылы екіжылдык партия мектебін, 1932 жылы Ленинград қаласында орталық қаржылық курстарын бітірді.
1938 жылдан бастап Қарағанды қаласында. Жинақ кассалары басқармасының бастығы болып, одан кейін облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. 1942 жылдан Қарағанды қалалық атқару комитетінің төрағасы.
«Отан соғысы» орденімен, екі «Құрмет белгісі», Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің мақтау қағаздарымен марапатталған.
¥лы Отан соғыс жылдарында Қарағандының құрылысына және дамуына қосқан зор үлесі үшін, жұмысшыларды туған қаласына, Қазақстанға деген сүйіспешілік және берілгендік рухында тәрбиелегені үшін 1969 жылдың 16 сәуірінде «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Атақ берілген күні: 1969 жылы 16 сәуір