Меню

Страницы

Статья

Көкетай Темірғали Әбілдаұлы

Туған жері және туған күні: 1938 жылы наурыз айының 25-шы жұлдызында Қарағанды аймағы, Жаңаарқа ауданының Жеткеншек ауылында (қазіргі С. Сейфуллин атындағы) туған.

Оқу бітірген соң 1957 жылы Жеткеншек ауылында бастауыш мектепті бітіріп, 1951-1957 ж.ж. Алматы қаласындағы №12 мектеп-интернатта оқыдым. Мектепті бітірген соң Жаңаарқа ауданының Жеткеншек ауылында екі жыл шопан болып жұмыс істедім.

1959 жылы Алматыдағы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) физика-математика факультетіне түсіп, 1964 жылы физика және жалпытехникалық пәндер мамандығы бойынша аяқтадым. 1964 жылы Абай атындағы КазПИ-ге стажер-зерттеуші, 1966 жылы аспирантураға алынып Тарту университетіне (Эстония ССР) командировкаға жіберілдім. 1970 ж. Тарту мемлекеттік университетінің докторлық диссертациялар қорғайтын Маманданған Ғылыми Кеңесінде «Мыс және күміс иондарының сілтілі- галоидтық кристалдардағы люминесценция орталықтарының табиғаты» туралы мәселе бойынша физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғадым.

1969-1972 ж.ж. аралығында КазПИ-де аға-оқытушы, доцент, физика факультеті деканының орынбасары болдым.

1972 жылы Жоғары оқу министрлігінің бұйрығы бойынша жаңа ашылған Қарағанды мемлекеттік университетіне Қатты дене физикасы кафедрасының меңгерушілігіне ауыстым.

1988 жылы "Әртүрлі модификациядағы активацияланған иондық кристалдағы люминесценция және электрондық козулар" тақырыбында Оралдың мемлекеттік политехникалық институтында (қазіргі Екатеринбург политехникалық университеті) физика-математика ғылымдарының докторы дәрежесін алу үшін диссертация қорғадым.

1989-1994 жылдары ҚарМУ-дің физика факультетінің деканы, 1994-1997ж.ж. университеттің ғылым жөніндегі проректоры, 1997-2008 жылдары Қатты дене физикасы кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқардым.

2008 жылдан қазірге дейін ҚарМУ-дің «Техникалық физика және экология мәселелері» ғылыми-зерттеу институтының директорымын.

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: Физика-математика ғылмының докторы (1988), Профессор (1990).

Академиялық атағы: Қазақстан республикасының жаратылыстану ғылым академиясының толық мүшесі (академигі) (1994 ж.); Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі (толық мүшесі) (1995 ж.).

Оқыған ЖОО: Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті. Мамандығы: физика және жалпы техникалық пәндер.

Ғылыми бағыты және мамандандыру облысы: Қатты дене физикасы; иондық кристалдар физикасы, радиациялық физика, спектраскопия, люминесценция табиғаты және кристалдардағы электрондық қозулар.

Арнайы оқитын пәндері: Конденсирленген күй спектраскопиясы, Материалтану, Қатты денелердің радиациялық физикасы, Кристалдар люминесценциясы, Иондық кристалдар физикасы, Нанотехнология, Наноматериалдар, Нанотехнологияға кіріспе, Аспап құрудың физикалық негізі, Техникалық физика.

Марапаттар және атақтары:
1981ж. СССР космонавтика федерациясының ұшқыш-ғарышкер Ю.А. Гагарин атындағы медальмен наградталды.
1982 ж. Жоғарғы білім министрлігінің Құрметті грамотасымен наградталды.
1983ж. Бүкілодақтық "Білім" қоғамының "За активную работу" белгісімен наградталды.
1983ж. Жоғарғы білім министрлігінің Құрметті грамотасымен наградталды.
1999 ж. Халықаралық биографиялық орталык (Кембридж, Англия) "ХХ-ғасыр ғұламасы" деген атақ берілді. "ХХ-ғасырдың аса көрнекті қайраткерлері" деген кітапқа өмірбаяны жазылып, күміс медаль тапсырды.
1999 ж. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің Қүрмет грамотасымен марапатталды.
2001ж. Халықаралық биографиялық орталық (Англия, Кембридж) "2001 жылдың Халықаралық ғалымы" деген атақ беріп, аты-жөні жазылған алтын медаль мен диплом тапсырды.
2002 ж. «Ғылым мен техниканың дамуына қосқан аса зор үлесі үшін» Қазақстан Републикасының мемлекеттік стипендлясы тағайындалды.
2007 ж. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін Ыбырай Алтынсарин атындағы медальмен марапаттады.
2008 ж. «Жоғарғы оқу орынның үздік оқытушысы» грантының иегері.
2009 ж. Білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен марапатталды.
2010 ж. Ғылым және техника бойынша халықаралық Сократ сыйлығының лауреаты.
2010 ж. Қарағанды қаласының дамуына қосқан зор үлесі үшін «Замандас-2010» 3-қалалық конкурстың «Ғылым мақтанышы» номинациясы бойынша жеңімпазы.
2011 ж. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
2012 ж. Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің 40-жылдық мерекелік медалімен марапатталды.
Көкетай Темірғали Әбілдаұлына «Қарағанды қаласының құрметті азаматы» атағы - 2013 жылғы 7-ші тамызда - Қарағанды қаласының және Қазақстан Республикасының ғылым және білім саласында, жоғары маманды кадрларды даярлауда жетістіктері, өскелең жастарды оқытуда және тәрбиелеуде аса маңызды үлес қосқаны үшін берілді.

Дата публикации
13 января 2023
Дата обновления
13 января 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

01 декабря 2025
Қарағанды қаласы Қоғамдық кеңесінің сараптамалық қорытындысы
01 декабря 2025
Қоғамдық кеңес отырысының 2025 жылғы 27 қарашадағы хаттамасы
11 ноября 2025
Қарағанды қаласы Қоғамдық кеңесінің эксперттік қорытындысы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы