
Қожабергенов Мүтәш Байғалиүлы 1924 жылдың 30 карашасында Семей облысы, Жаңа Семей ауданы, Көпек ауылында дүниеге келген.
Ата-анадан ерте айрылып, балалар үйінде тәрбиеленген. 1938-41 жылдарда Жамбыл каласының теміржолшылар техникалық мектебінде окыған. 1942 жылдың желтоқсан айынан 1945 жылдың желтоксаны аралығында Кеңес Әскері катарында қызмет аткарады. Ұлы Отан соғысындағы көптеген әскери шараларға қатысып, ерліктерімен көзге түскен.
1949 жылы Қазақстан Коммунистік партиясының Орталық комитетінің партия мектебін бітірген. 1949 жылдың тамызынан бастап Қарағанды каласының тұрғыны.
Қарағандының партия, кәсіподақ, атқарушы және шаруашылық қызметтерінде 45 жылдан астам қызмет еткен. Ардагерлер қозғалысының белсенді мүшесі, ардагерлердің ұйымдарының алғашқы төрағасы, соғыс және еңбек ардагерлерінің қалалық Президиумының мүшесі.
Облыс әкімі жанындағы ақсақалдар кеңесінің мүшесі.
М.Ж. Қожабергенов ІІ-ші дәрежелі «Отан соғысы», «Ерлігі үшін» орденімен, «Ардагер-панфиловшы» мерзімсіз куәлігімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының, ВЦСПС, Қазақ кәсіподақ кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Ұлы Жеңістің 60-жылдығы құрметіне, Ұлы Отан соғысы кезінде Отан алдындағы зор еңбегі, өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеуге қосқан зор үлесі, қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін 2005 жылдың 30 сәуірінде «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілген.
Атақ берілген күні: 2005 жылы 30 сәуір