
1919 жылы 2 мамырда Ставрополь аймағы Нижняя Мара ауылында дүниеге келген. 1936 жылы жұмыс факультетін бітіргеннен кейін, Карачаевск комсомол облыстық комитеті-нің нұсқаушысы болып істеді, 1940 жылы әскери-техникалық авиациялық училищесін оқып бітірді. Ұлы Отан соғысына қатысушы. Отан соғысы орденімен, медальдармен марапатталған.
1955 жылы Махти Шамараевич біздің қаламызбен байланысты: ұзақ уақыт Қарағанды облыстық атқарушы комитеті маңындағы дене тәрбиесі және спорт комитетінің бастығы болып жұмыс істеді, біздің облыс спортының дамуына үлкен үлес қосты.
Қазақ халқының дәстүріне деген құрметі, өмірдегі толық интернационализм, оптимизм Махти Шамараевичтің міңез-құлқысында байқалмай қоймайды.
Қазақстан гүлденген мемлекет болатынына, әр отбасының денсаулығы мықты болатынына, ал Қарағанды спортшылары өзінің жетістіктерімен әлемге таңылатынына Махти Шамараевич толық сенімді болды.
Отан алдында Ұлы Отан соғыс кезеңінде зор еңбегі үшін, дене тәрбиесі және спорт дамуы бойынша мәуелі еңбегі үшін, жастарды тәрбиелеуге белсенді қатысқаны үшін 1997 жылы 17 қаңтарда «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Атақ берілген күні: 1997 жылы 17 қаңтар