Меню

Страницы

Статья

Карабанов Иван Андреевич

925 жылы 25 мамырда Пенза облысының, Чемодановка селосында туды. 1931 жылы өзінің отбасымен Қазақстанға Компанейск поселкасына жер аударылды. 1940 жылы 34-ТЕОМ бітіріп, еңбек резерві мектебіне шақырылып проходчик кәсібін алды. 33-34 шахтыда жұмыс істеп, жарақаттанған. 1941-1943 ж.ж. Қалалық өндіріс комбинатында слесарь болып жұмыс істеген. 1943 жылы әскерге шақырылған. Әскер қатарында Троицк қаласына кіші авиациялық мамандар мектебіне оқуға жіберілді. Емтихан тапсырған соң әуе атқышы ретінде Штурмовой авиациялық полкіне Ленинград майданына жіберілді. ИЛ-2 самолетында әскери тапсырмалармен 102 рет ұшқан. Майданды осы полкпен Кенингберг қаласында аяқтаған.
Әскерден кейін 1951 жылы Қарағанды қаласына қайтып келді. 1951-1969 жылдар аралығында № 1 көлік базасында жүргізуші болып істеген. Энергоқұрылыс техникумын 1972 жылы аяқтап, осы жерде 1988 жылға дейін мастер болып жұмыс істеді. 1988 жылдан бастап зейнеткерлікке шықты.
«Қызыл Жұлдыз», толық үш дәрежедегі «Шахтер Даңқы», «I дәрежелі Даңқ» ордендерімен, «Ерлігі үшін» медалімен және мерекелік медальдарымен марапатталды.
ҰОС кезіндегі Отан алдындағы еңбегі, жастарды әскери-саяси тәрбиелеу жөніндегі жемісті жұмысы және қаланың қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін 1977 жылы «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Атақ берілген күні: 1979 жылы ақпан

Дата публикации
13 января 2023
Дата обновления
13 января 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

01 декабря 2025
Қарағанды қаласы Қоғамдық кеңесінің сараптамалық қорытындысы
01 декабря 2025
Қоғамдық кеңес отырысының 2025 жылғы 27 қарашадағы хаттамасы
11 ноября 2025
Қарағанды қаласы Қоғамдық кеңесінің эксперттік қорытындысы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы