
1927 жылы 22 маусымда Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының Жамбыл атындағы совхозда туды. 1943 жылы Қарқаралы педагогикалық училищесін аяқтаған соң 1945 жылға дейін Ұлытау ауданының Талап ТЕОМ оқу ісі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет атқарды . 1946 жылы Қарағанды облысының Қу ауданындағы № 11 ОМ мұғалім болып қызмет істеді. 1947 жылы Қарағанды мұғалімдер институтының тарих факультетін үздік аяқтап, 1948 жылға дейін Қарағанды қаласының № 2 мектеп-интернатында мұғалім болып қызмет атқарды. 1948 жылдан бастап Қарағанды қаласының № 7 ОМ оқу ісі жөніндегі директор орынбасары, 1963 —1975 жылдар аралығында № 34 ОМ директоры, 1976 жылдан бастап № 7 ОМ директоры болып қызмет атқарды.
В.И.Лениннің туғанына 100 жылдық мерекелік медалімен, «Еңбек ардагері» медалімен, «Қазақ ССР-нің ағарту үздігі», «СССР ағарту үздігі» белгілерімен марапатталды. Алматы қаласындағы өткен V республикалық мұғалімдер съезінің делегаты болды.
Халыққа білім беруде, жас ұрпақты тәрбиелеуде елеулі үлес қосқаны, қаланың қоғамдық өміріне белсене қатысқаны, қазақ халқының дәстүрлері мен салт-жораларын енгізгені және насихаттағаны үшін 1996 жылы 26 сәуірде «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Атақ берілген күні: 1996 жылы 26 сәуір