
1922 жылы 22 қаңтарда Шығыс-Қазақстан облысының Қатон-Қарағай ауылында туды, Одақтық дәрежедегі зейнеткер, «Шет ауданының құрметті азаматы», Қаз ССР-нің еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, СССР баспа үздігі.
Еңбек жолын орман шаруашылығында есепші болып бастады. 1941 жылы қыркүйекте РККА қатарына шақырылды және 17 оқу авиаэскадрилияға жіберілді. Оқуды аяқтаған соң майданға 432 АЭ байланысына ұшқыш болып жіберілді. 50 Армияның құрамына енген эскадрилья, 1, 4, 16 Әуе Армиясы Батыс Брянскіде, I, II, III Белоруссия және I Прибалтика майданында соғысты. Соғысты Кенигсбергте аяқтады. 1947 жылдан бастап Қатон-Қарағай аудандық партия комитетінде бөлім меңгерушісінің орынбасары, нұсқаушы болып қызмет атқарды. 1951 жылы Алматыдағы партия мектебін аяқтап, Қарағанды қаласына лектор болып келді, содан кейін Қарағанды қалалық партия комитетінің бөлім меңгерушісі болды. 1957 жылы Москвадағы Жоғары партия мектебін бітірді. 1957 жылдан 1973 жылдар аралығында Киров аудандық партия комитетінде екінші хатшы, Қарағанды облыстық партия комитеті меңгерушісінің орынбасары, Шет аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, облыстық кәсіподақ кеңесінің төрағасы, Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы қызметтерін атқарды. 1973 жылдан 1994 жылдары «Полиграфия» ӨБ Басқармасында Бас директор болды.
«2 дәрежелі Отан соғысы», «Қызыл жұлдыз» ордендерімен, екі «Еңбек Қызыл Ту» орденімен және 14 медалімен марапатталды.
Қаз ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, облыстық, қалалық және аудандық кеңестерге 10-нан аса депутат болып сайланды. КПСС XXIII съезіне, республикалық коммунистік партияның съездеріне төрт рет делегат болды, Қазкәсіподақ ВЦСПС екі рет мүше болды.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Отан алдындағы елеулі еңбегі мен қаланың қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін 2000 жылғы 19 қантарда «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Атақ берілген күні: 2000 жылы 19 қаңтар