
Серікжан Әміржанұлы Жәкенов
Туған күні, айы, жылы: 08.10.1949
Қазақстанның Құрметті машина жасаушысы. 3 дәрежелі «Еңбек Даңқы» белгісінің кавалері, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалі бар, «Құрмет» орденімен марапатталған, тау-кен машиналарын жасау саласындағы бірқатар куәліктердің авторы, ұзақ жылдар бойы ҚарМТУ-да МАК төрағасы болған.
Еңбек өтілі:
«Каргормаш» ӨБ өндіріс жөніндегі директоры (1990-1993);
«Каргормаш» ӨБ № 1 Машзауытының директоры (1993-1997);
«Каргормаш ИТЭКС» ЖАҚ Вице-президенті, президенті (1997-2004);
«КарГорМаш-М» ЖШС директоры (2004-2007);
«КарДОК» АҚ Басқарма төрағасы (2007-2009);
«КарГорМаш-М» ЖШС директоры (2009-2018);
«КарГорМаш-М» ЖШС директорының кеңесшісі (2018 жылдан бастап)
Басқа лауазымдар:
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ тәуелсіз директоры, Директорлар кеңесінің мүшесі (04.05.2016-2018, 09.12.2019 бастап);
«Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры (27.11.2018 ж. бастап)
«QazIndusrty» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ тәуелсіз директоры (08.2019 бастап)
Қарағанды қаласының Құрметті азаматы (2018ж)