
Туған қарағандылық. 1949 жылы дүниеге келген. Алматы қаласында Қазақ политехникалық институтын оқып бітірді. Сосын ММУ аспирантурасында оқыды. Эконо-микалық ғылымдар кандидаты. 1981-1989 жылдар аралығында Қарағанды педагогикалық институтында оқытушы болды.
1989-1991 жылдар аралығында облыстық атқарушы комитеті маңындағы жоспар-экономикалық бөлім бастығының орынбасары. 1991-1992 жылдар аралығында экономика бойынша облыстық атқарушы комитеті төрағасының орынбасары. 1992-1994 жылдар аралығында облыстық әкімшілік әкімінің орынбасары. 1994-1997 жылдар аралығында мемлекеттік салық инспекциясының бастығы, қаржы министрінің бірінші орынбасары. 1997-1999 жылдар аралығында Қарағанды облысының әкімі.
Содан кейін қаржы министрі болып жұмыс істеді, экономика және сауда Министрлігін басқарды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.
Нарықтық реформаларды жүргізудегі, облыстағы шағын және орта бизнесті дамытудағы қосқан үлкен үлесі үшін, қоғамдық және мемлекеттік белсенді қызметі үшін 2000 жылдың 19 қаңтарында «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Атақ берілген күні: 2000 жылы 19 қаңтар