
1927 жылы Саратов қаласында дүниеге келген. Техникалық ғылымдар докторы. Қарағанды техникалық университетінің профессоры. Днепропетровск тау-кен институтын бітірген. 1953 жылдан бастап Қарағанды көмір бассейні шахталарында. №37 шахтасы учаскесінің бастығы, №101 шахтасының бас инженері, «Қаркөмір» өнеркәсіптік ұйымның №120 шахтасында директор болып қызмет істеді. 1964 жылдан бастап «Саранкөмір» тресінің басшысы, содан кейін Ленин атындағы шахта директоры. 1976-1989 жылдар аралығында «Қарағандыкөмір» өнеркәсіптік ұйымның бас директоры.
Н.А. Дрижд шахталарды озат тау-кен техникасымен қамтамасыз ету жағынан, көмір табу процесін комплексті механикаландыру жағынан өте көп еңбек етті. Бірінші рет пласт жұмыспен өтеуді целиксіз технологиясын енгізді. Оның басқаруымен және тікелей қатысуымен Қушоқы, Борлы және Шұбаркөл көмір кен орындарында ең тиімді ашық тәсілмен көмір табудың игеру және даму қарқыны бойынша үлкен ғылыми-техникалық және практикалық жұмыстары өткізілді.
Н.А. Дрижд КСРО Мемлекеттік сыйлықтың екі рет лауреаты. Екі рет Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, көпетеген медальдармен марапатталған. Ол Республиканың еңбек сіңірген кеншісі.
Қазақстан көмір өнеркәсібінің дамуына, Қарағанды құрылысына, шахтерлер болашақ кезегін тәрбиелеу және оқытуына қосқан үлкен үлесі үшін 2001 жылдың 22 тамызында «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Атақ берілген күні: 22 августа 2001 года