
1928 жылы 1 қыркүйекте Көкшетау облысының Рузаевск ауданының Шүкіркөл ауылында туды, профессор, Әлеуметтік ғылымдары Академиясының корреспондент мүшесі, экономика ғылымдарының кандидаты.
Петропавл қаласындағы Ушинский атындағы мұғалімдер институтын сырттай аяқтап, еңбек жолын мұғалім болып бастаған 1952 жылы Алматыдағы Мемлекеттік заң институтын бітірді. 1953 жылы Ташкент қаласында жоғарғы оқу орындарының оқытушысын даярлайтын курсты аяқтады. 1955 жылдан 1958 жылдар аралығында Қарағанды қаласының кен институтында оқыды. 1960 жылы Свердлов қаласында кандидаттық диссертация қорғады, осы жылы институтта кафедра меңгерушісі болды. 1963 жылдан 1982 жылдар аралығында облыстың партия комитетінің екінші хатшысы, хатшы және облыстық атқару комитетінде төраға қызметін атқарды. 1982 жылдан 1984 жылға дейін Қарағанды дене тәрбиесі педагогикалық институтында ректор, 1984-1996 жылдары Қарағанды педагогикалық институтының ректоры, 1996 жылдың мамыр айынан бастап Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ ректор кеңесшісі қызметін атқарды.
«Ленин», «Құрмет Белгісі» орденімен, төрт «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, медальдармен, «Халық шаруашылығын дамытудағы жеткен жетістіктер үшін», «І-П-ІІІ дәрежедегі Шахтер даңкы» белгісімен, Ы.Алтынсарин атындағы медалімен марапатталды. ҚР білім беру саласына еңбегі сіңген қызметкер.
Білім беру саласын дамытуға, жас ұрпақты тәрбиелеуге елеулі үлес қосқаны және Қарағаңды қаласының кұрылысы мен дамуына және оның экономикасы мен мәдениетіне белсене қатысқаны үшін 1997 жылы 18 маусымда «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Атақ берілген күні: 1997 жылы 18 маусым