Меню

Страницы

Статья

Волков Владислав Николаевич

1935 жылы 23 желтоқсанда Мәскеу қаласында дүниеге келген. 1959 жылы Мәскеу авиациялық институтын бітірген. 1966 жылдан бастап ғарышкерлер тобында. 1969 жылдың 12-17 қазанында «Союз-7» кемесінде бортинженер ретінде ғарышқа ұшты (А.В. Филипченко және В.В. Горбаткомен бірге).
«Союз-6», «Союз-7», «Союз-8» ғарыш кемелерінде топтық ғарыш сапарын ойдағыдай өткізгені үшін және сол кездегі білдірген батылдық пен батырлығы үшін Ленин орденін және «Алтын Жұлдыз» медалін тапсыруымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. «Союз-7» ғарыш кемесінде ғарыш сапарын іске асырғаны үшін «КСРО ұшқыш-ғарышкері» атағы берілді.
Ғарыш кемесі экипажы жер жанындағы ғарыш кеңістігінде бірнеше ғылыми-техникалық эксперименттер және зерттеулер жүргізді. 1971 жылы 6 маусымда Жердің серігін орбитаға шығарған «Союз-11» ғарыш кемесінің бортинженері ретінде экипаж құрамында болды. 1971 жылы 7 маусымда «Союз-11» 1971 жылдың 19 сәуірінен бастап орбитада болған «Салют» ғылым станциясымен түйістірілді. Сапар бағдарламасын ойдағыдай аяқтап, 1971 жылдың 30 маусымында кеме Жерге қайтып келе жатты. Бірақ кеме кабинасының герметизациясы бұзылып В.Н. Волков және экипаждың басқа мүшелері қайтыс болды.
В.Н. Волков Ленин орденімен және К.Э. Циолковский атындағы Алтын медалімен марапатталған. В.Н. Волковтің сүйек күлі Қызыл алаңдағы Кремль қабырғасына сыланды.
Ғарышкерлер тобында ғарыш кемелерінің топтық ғарыш сапарын өткізгені үшін, сол кезде білдірген батылдық пен батырлығы үшін, ғарыштағы зерттеулері үшін, Қарағанды маңына ғарыш кемесін жайлы қондырғаны үшін 1969 жылдың 23 қазанында «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Дата публикации
11 января 2023
Дата обновления
11 января 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

01 декабря 2025
Қарағанды қаласы Қоғамдық кеңесінің сараптамалық қорытындысы
01 декабря 2025
Қоғамдық кеңес отырысының 2025 жылғы 27 қарашадағы хаттамасы
11 ноября 2025
Қарағанды қаласы Қоғамдық кеңесінің эксперттік қорытындысы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы