
1914 жьлы 10 қарашада Жаңарқа ауданы Атасу поселкесінде дүниеге келген. Өзінің еңбек жолын Қарағандының №12 шахтасында қарапайым жұмыскер болып бастады. Содан кейін 5-ші гвардейлік Қызылтулық Орлов дивизиясының құрамында соғысты, Отан азаттығы үшін ұрыстарда ерледі. Жауынгерлік ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз, I дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталды.
Соғыстан кейін жылдарда, ауыр жарақатқа қарамастан, жұмыс істей берді. Мұғалім, Қарағанды облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Ленин аудандық партия комитетінің хатшысы, облыстық партия комитетінің бөлім менгерушісі, облыстық партия комитетінің партиялық комиссиясының төрағасы, облыстық атқарушы комитеті төрағасының орынбасары болды. Көп уақыт бойы облыстық Бейбітшілік қорын басқарды. Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жұмысына белсенді қатысқаны үшін армия генералы П. Батов және Кеңес Одағының батыры, белгілі ұшқыш А. Марьесевтердің қолы қойылған Кеңес ардагерлер комитетінің алғысын алды. Еңбек ерлігі үшін көптеген медальдармен, Кеңес бейбітшілік қорының Құрметті Белгісімен марапатталған.
2003 жылы Бұқар жырау даңғылында орналасқан №33 үйде М.Б. Бөкенов есіміне арналған мемориалды тақта ашылды.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Отан алдындағы зор еңбегі үшін, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуіндегі жемісті жұмысы үшін және қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін 1995 жылдың 31 наурызында «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Атақ берілген күні: 1995 жылы 31 наурыз