
«Қарағанды коммерциялық колледжі» жеке меншік мекемесінің құрметті директоры.
1939 жылы Украина КСР дүниеге келген. Ұлты - украинец. Білімі - жоғары.
Дмитрий Макарович Бойко 35 жыл бойы Қарағанды коммерциялық колледжінің директоры болған, өсіп келе жатқан ұрпаққа патриоттық және азаматтық сезімді қалыптастыруда, сондай-ақ білім сапасын жетілдіруде және жоғарылатуда зор үлес қосқан.
Дмитрий Макарович белсенді қоғам қайраткері. Білім және ғылым министрлігінің бірқатар нормативтік құжаттарын әзірлеуге қатысқан, Парламентке «Білім туралы» заңдарға және Қазақстан Республикасының 2005-2015 жылдарға арналған білімді дамыту тұжырымдамасына ұсыныстар дайындаған және жолдаған.
30 жыл бойы жергілікті өкілдік органдарының депутаты, соның ішінде 1989 жылдан бастап 2003 жылға дейін - облыстық мәслихат депутаты болған, 1975 жылдан бастап 2006 жылға дейін Қарағанды облысының колледждер директорлары Кеңесінің төрағасы болып сайланған. 2006 жылдан бастап 2013 жылға дейін - Қарағанды қаласы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болған.
Қазіргі уақытта «Сарыарқа Дауысы» пікірталастық клубының үйлестірушісі, Қарағанды облыстық білім басқармасы жанындағы Қоғамдық кеңесінің мүшесі болып табылады.
Келесі мемлекеттік марапаттары бар: В.И. Лениннің туған күніне 100-жыл мерекесіне байланысты, «Қажырлы еңбегі үшін» мерейтойлық медалімен; «Еңбек ардагері» медалімен; Қарағанды облысының Құрмет кітабына енгізілген, ҚазКСР Ағарту министрлігінің Құрмет тақтасында белгіленген, «Қазақ КСР үздік халық ағартушысы» белгісімен марапатталған. 1992 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен оған «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген халыққа білім беру қызметкері» Құрмет атағы берілген.
ҚР марапаттарымен белгіленген: «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасына 10 жыл», «Қазақстан Республикасына 20 жыл», «Астана» медальдарымен. «Қазақстан Республикасының құрметті білім беру қызметкері» төсбелгісі бар.
«Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы Д.Бойкоға өсіп келе жатқан ұрпаққа патриоттық және азаматтық сезімді қалыптастыруда, сондай-ақ білім сапасын жетілдіруде және жоғарылатуда зор үлес қосқаны үшін 2014 жылғы 20-шы тамызда берілді.