
1928 жылы 20 қарашада Украинадағы Днепропетровск облысының, Магдалиновск ауданының Крамарка селосында туды. 1950 жылы Днепропетровскідегі көркем-сурет училищесін мүсінші мамандығы бойынша бітіріп шықты. Училищені аяқтаған соң құрылыста жапсырушы, Днепропетровскідегі суретшілер серіктестігінің көркем-сурет қорының шеберханасында мүсінші болып қызмет етті. 1956 жылы қыркүйекте Қарағанды қаласына көшіп келіп, ҚазКӨҰ Қарағанды ұйымында мүсінші, содан кейін суретшілер серіктестігінде және Қаз ССР-нің көркемсурет қорының шеберханасында қызмет етті.
Ең алғашқы ірі жұмыстарының бірі Совет Одағының батыры Нұркен Әбдіровтің ескерткіші (Гуммелмен бірігіп жасаған) Екі ескерткіші Қарқаралы қаласынан орын алған. 1969 жылы «Шахтер даңкы», «Жауынгерлік Даңкы» ескерткіші, Сәкен Сейфуллинге, Шоқан Уәлихановқа мрамордан жасалған ескерткіші, фашизмге қарсы шыққан неміс суретшісі Фогелердің ескерткіші конкурстарды жеңіп алды. 10 бүкілодақтық, 49 республикалық және облыстық көрмелерге қатысқан, көптеген еңбектері көрмеден кейін мұражайларда қалдырылған.
1990 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен «Еңбегі сіңген өнер қайраткері» құрметті атағы берілді, Республикалық дәрежедегі зейнеткер. Германия Канцлері мен Германия Социалистік партиясы төрағасының құрметті тапсырмасын орындағаны үшін осы партияның Құрметті мүшесі болып кабылданды. В.И.Лениннің 100 жылдығы, Еңбек ардагері медальдарымен марапатталды.
Қазақстан қалалары мен Қарағанды қаласының бейнелеу өнерін дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін 1999 жылы 11 тамызда «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Атақ берілген күні: 1999 жылы 11 тамыз