Меню

Страницы

Статья

Бекбалаков Абушахма (Бекенұлы)

Бекбалаков Абушахма Қарағанды қаласының алғашқы құрылысшыларының бірі, Қарағанды көмір бассейніндегі электровоздың бірінші машинисті болып табылады.
Қарағанды облысының Павлодар облысының Баянауыл ауданының Бабаев совхозынан шығысына қарай 20 км жерде орналасқан Тоқан елді мекенінде 05.01.1913 жылы дүниеге келген. А.Бекбалаковтың барлық еңбек қызметі бұрынғы Кеңес Одағының көмір бассейнімен байланысты.
1930 ж. мамырында ол Анар станциясынакөшіп келіп, Ораз Алпысбаевтың артелінде Қарағанды қаласына дейін темір жол құрылысын салуға жұмыс істеді.
1931 жылы Қарағанды облысының тас карьерінде еңбек етті (Ескі қала, Қаздрамтеатр және Пархаменко ат. Зауыт арасында, Жекей Сүлейменов бригадасында).
1933 жылы Кузбассқа барып, Прокопьевск қаласында №25 шахтаның №10-шы ұңғымада еңбек етті. 1933 жылдың қыркүйегінде №9 шахтаға ауыстырылды, онда вагоншы және орманшы болып жұмыс істеді. Мұнда жұмыскерлер 12 көмір қабаттарын ашты. Онымен бірге Германияның шахта құрылысшылары жұмыс істеді. 1934 жылы көмір қабаттары ашылғаннан кейін Абушахма Бекбалаков учаскеге ауысып, кен және бұрғылау балғасымен жұмыс істеді.
1935 жылдың қаңтарында Қарағандыға қайтып келіп, вагоншы және шанашы болып №17 шахтада еңбек етті.
1935 жылдың қазанында тау-кен - өнеркәсіптік мектепке электровоз машинисті курстарына оқуға жолданды.
1936 жылдың мамырында Киров атындағы №3 шахтада электровоз машинисті болып жұмыс істеді. Нормаларды 120-150% орындаған, стахановшы болды, ауыр өнеркәсіп Наркомы оған осы үшін сыйақы берілді. Осы жылы «Каруголь» трестінің жанында Киров ауданында тау кен техникумы аясында социалистік еңбек шеберлерінің үш жылдық мектебі ашылды.
1937 жылы өндірістен қол үзбей Қарағанды тау-кен техникумын үздік тәмамдады.
1939 жылы Халық депутаттарының облыстық кеңесінің депутаты болып сайланды. Сессияда оны облыстық атқарушы комитет мүшесі ретінде сайлады.
1940 жылы Киров атындағы №3 шахтаның шахткомитетінің төрағасы болып сайланды.
1941 жылы Новосибирск қаласында КСРО шығыс аудандарының кәсіподақтарының ОК жанындағы кәсіподақ жұмыскерлерінің курстарында оқыды.
1941 жылдан 1945 жылдың қарашасына дейін Қызыл әскер қатарында борышын өтеді. Соғысты батыс бағытында бастады, кейін оларды Қашық шығысқа ауыстырды. 1942 жылы Ворошилов қаласында Абушахма Бекбалаков санитарлық нұсқаушы курстарын аяқтап, 105-ші бекіністі ауданға жолданды, онда жеке пулемет батальонында қызмет етті. 1-2-5 роталарда партбюро хатшысы болып сайланды.
1946 жылдың қаңтарынан 1949 жылдың тамызына дейін Киров атындағы №3 шахтаның ЖКП ОК (б) парторгының орынбасары болып еңбек етті.
1949 жылдың тамызынан 1951 жылдың сәуіріне дейін №31 шахта меңгерушісінің орынбасары болды.
1951 жылдың сәуірінен 1956 жылдың сәуіріне дейін №26 және №12 шахталарының парторгы болды.
1956 жылдың сәуірінен 1957 жылдың қыркүйегіне дейін бас инженер көмекшісі мен учаске бастығының көмекшісі болып еңбек етті.
1957 жылдан 1963 жылдың тамызына дейін №6/7 шахтасында бас инженер көмекшісі, парторг және тау кен шебері болып жұмыс істеді.
1963 жылдың қарашасынан 1986 жылдың шілдесіне дейін №4 Чурубай-Нуринская шахтасында үстіңгі қабат бастығы, орман қоймасының меңгерушісі, желдету бастығының көмекшісі, тау кен шебері болып еңбек етті.
1986 жылы зейнеткерлікке шықты.
Келесі үкіметтік наградалары бар:

- «Ерлігі үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медальдар, Кеңес Одағының маршалы Г.К.Жуковтың медалі және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістың барлық Мерейтойлық медальдар (1941-1945 жж. ҰОС Жеңістің 20, 30, 40, 50 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы Женіске 60, 65, 70 жыл);
- ІІ дәрежелі Отан соғысының ордені, «Құрмет» ордені (2013 ж. желтоқсан);
- Кеңес Одағы Генералиссимусінің Жоғарғы бас командирі И.В.Сталиннің құрмет грамотасы.
Қарағанды қаласының қазыбек би атындағы ауданының Ардагерлер кеңесінде есепте тұр.
7 баланы тәрбиелеген тамаша отағасы. 2015 жылдың сәуірінде оның 7 немересі мен 2 шөбересі болды.
«Қарағанды қаласының құрметті азаматы» атағына Қарағанды қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытуға қосқан үлесі, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша белсенді қызметі үшін 2015 жылғы 9 желтоқсанда ие болды.
Атақты беру күні: 2015 жылғы 09 желтоқсан.

Дата публикации
10 января 2023
Дата обновления
10 января 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

01 декабря 2025
Қоғамдық кеңес отырысының 2025 жылғы 27 қарашадағы хаттамасы
01 декабря 2025
Қарағанды қаласы Қоғамдық кеңесінің сараптамалық қорытындысы
11 ноября 2025
Қарағанды қаласы Қоғамдық кеңесінің эксперттік қорытындысы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы