
1924 жылы 28 маусымда Қарағанды облысының «Победа» совхозында туды. 1941 жылы Киров ауданындағы №1 ФЗО аяқтағаннан кейін, «Қарағандыкөмір» комбинатының №31 шахтасында электровоз машинисті болып істеді. 1942 жылы армия қатарына шақырылды. Калинин, Ржев, Торопец қалаларын гитлершіл басқыншылардан азат етуге қатысты, ауыр жарақат алды. 1953-1956 жылдары СОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін, 1971-1977 жылдары Алматы халық шаруашылығы институтын аяқтады. Қарағандыға оралғаннан кейін облыстық халық ағарту бөлімінде, облыстық комсомол комитетінің хатшысы, Қарағанды қалалық партия комитетінде бөлім меңгерушісі болып істеді. Киров, Ленин және Қарқаралы аудандарының басшысы, Облатқарукомитетінің орынбасары болды. Бірнеше шақырылған халық депутаттарының Қарағанды облыстық және қалалық Кеңестерінің депутаты болып сайланды. Ұзақ уақыт бойы облыстық ардагерлер Кеңесінің мүшесі болды.
«1 дәрежелі Отан соғысы» орденімен, «Құрмет белгісі» 3 орденімен, 12 медальмен және 10 Құрмет грамотасымен марапатталды.
Қарағанды қаласын дамытуға, оны салуға және сәулеттендіруге қосқан үлкен үлесі, қаланың қоғамдық өміріне және жас ұрпақты тәрбиелеуге белсене қатысқаны үшін 1999 жылы «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Атақ берілгеннен кейн:1999 жылы 19 мамыр.