
Алтынбаев Мұхтар Қапашұлы 1945 жылдың 10 желтоқсанында Қарағанды қаласында дүниеге келген.
Пришахтинскідегі Арал көшесінің бойындағы 15 үйде тұрған, № 26 мектепте оқып, оны 1964 жылы бітірген, кейіннен ҚОАО (Қарағанды оқу авиаорталығын) бітірген.
Еңбек жолын «Октябрь көмір» трестінің шахталарында проходчик болып бастаған, ол 1966 жылы әскер қатарына шакырылады. 1969 жылдан бері Қарулы Күштер қатарында, әскери ұшқыштықтан бастап Қазақстан Республикасының Қорғаныс министріне дейінгі еңбек жолынан өтті.
1977 жылы Әуе Қорғанысының ұшкыштар даярлайтын Қызыл Ту орденді Армавир жоғары әскери авиация училищесін бітірді, ал 1985 жылы Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуков атындағы Әуе Қорғанысы әскери командалық Академиясын үздік бітірді.
Әскери қызмет бабында мынадай лауазымдарды аткарған: авиаполк командирі, авиациялық дивизия командирі, 1992 жылғы қыркүйек айынан 1993 жылғы караша айына дейін Әуе Қорғанысы әскерлерінің қолбасшысы. 1993 жылғы қарашада Қазакстан Республикасы әскери-әуе күштерінің қолбасшысы болып тағайындалады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 30 қазандағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалады.
Қорғаныс қабілетін нығайтудағы Отан алдындағы еңбегі үшін «Отанға қызметі үшін» III дәрежелі орденімен, ондаған медальдармен, көптеген грамоталармен марапатталған.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 6 мамырдағы № 112 Жарлығымен «Халық қаһарманы» атағы беріліп, «Халық қаһарманы» алдын жұлдызы мен «Отан» ордені берілген.
Мемлекеттің қорғаныс кабілетін нығайтудағы Отан алдындағы зор еңбегі үшін, инфрақұрылымның дамуына косқан үлкен үлесі және каланың коғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқаны үшін 2005 жылдың 30 сәуірінде «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілген.
Атақ берілген күні: 2005 жылы 30 сәуір