
1971 жылы 31 тамызда Жезқазған облысы Жаңаарқа ауданы Ақтүбек ауылында дүниеге келген.
1993 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіріп, осы оқу орнында еңбек жолын бастады.
1993-2000 жылдары - Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы.
2000-2005 жылдары - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ және шетел әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы.
2005-2014 жылдары - Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ және шетел әдебиеті кафедрасының доценті.
2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - ЕҰУ қазақ және шетел әдебиеті кафедрасының профессоры.
2014 жылдан - Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
Атақ берілген күні: 2021 жылғы 24 қараша