
Алалыкина Ядвига Фридрих-овна 1888 жылы 2 қазанда Украинаның Кременчуг қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 1905 жылы Екатеринослав қаласында мұғалім болып бастады. 1908 жылы Лозанна және Женева (Швейцария) университеттерінің табиғи факультетін, 1918 жылы Киев қаласында әулие Владимирдің университетінің жоғары медициналық курстарын аяқтады. Украинаның ауруханаларында және госпитальдарында қайрымдылық бикесі, фельдшер, дәрігер болып жұмыс істеді.
1930 жылдан бастап Я.Ф. Алалыкинаның өмірбаяны Қарағандымен тығыз байланысты. Жұбайы Герман Алалыкинмен бірге бірінші рет отбасылық амбулаториясын ашты, терапевт болып жұмыс істеді. Жүздеген адамдарды түрлі аурулардан сақтап қалды. Жұбайымен бірге отызыншы жылдары сүзек індетімен батыл және табысты күрес жүргізді. Бірте-бірте Алалыкиндар амбулаториясы стационары бар емханаға айналды.
¥лы Отан соғыс жылдарында эвакуацияланған госпитальдарда жұмыс істеді, жараланған қызыләскершілерді аяқтарына тұрғызды, жүбайына жүздеген операцияларды жасауға көмектесті.
Я.Ф. Алалыкина қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысты. 1931-1948 жылдар аралығында қалалық және облыстық жұмысшы депутаттар Кеңестерінің депутаты болып сайланды, біраз уақыт қалалық жүмысшы депутаттар Кеңесінің денсаулық қорғау бойынша түрақты комиссиясын басқарды. 1935 жылы Орталық атқару комитетінің мақтау қағазымен марапатталды.
Шахтерлер астанасында денсаулық қорғауды үйымдастырғаны және дамытқаны үшін 1967 жылдың 26 қазанында «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Атақ берілген күні: 1967 жылы 26 қазан