Меню

Страницы

Статья

Абдраманов Жұмабек Абдраманұлы

23.12.1935 жылы Қзыл-Орда қаласында теміржол көлігінің жұмыскері Абдраман Күздеубаевтың (Жезқазған облысының Ұлытау кентінің тумасы, ерте жетім қалып, Қзыл-Ордаға келіп жұмыс істеген) отбасында дүниеге келген.
1954 жылы Ж.Абдраманов Осипенко атындағы қазақ мектебін тәмамдады. 1954 жылдан 1957 жылды қоса алғанда Оренбургте Кеңес әскерінің құрамында, сержант мектебінде әскери борышын өтеді. 1956 жылы оның бөлімшесін Кавказға жіберген. Кейін Ереванда қызметін өтеді, онда әскери және саяси дайындықтың үздігі болып, ЖЛКЖО ОК Құрмет грамотасымен марапатталып, 1957 жылы 15 шілдеде Алматы қаласындағы Қазақ тау кен-металлургиялық институттың шақыруы бойынша мерзімінен бұрын әскерден қайтарылды.
Жұмабек Абдраманұлының барлық еңбек жолы Қарағандының көмір бассейнімен, көмір өнеркәсібімен байланысты.
1962 жылы Қазақ тау кен-металлургиялық институтының Тау кен факультетін аяқтап, көмір кен орындарын барлау бойынша тау кен инженері мамандығын алған. Жұмабек Абдраманұлы Қарағанды қ. «Ленинуголь» трестінің №37 шахтасында түрлі лауазымдарда еңбек етті: тау кен шебері, қазба және өндіру учаскелері бастығының орынбасары, шахтадағы бас инженердің көмекшісі.
Ж.Абдраманов қаланың және облыстың комсомолдық өміріне белсенді қатысқан, Қазақстанның ЖЛКЖО ІХ съезінің делегаты болып сайланып, сонда Н.Ә.Назарбаевпен танысты. Кейін Ворошиловград қаласында Украинаның жас кеншілерінің алғашқы слетына, сонымен қатар әкелер жолы бойынша Қызыл ізшілдер слетына (Москва қ.) қатысты.
1963 жылы КОКП қатарына қабылданды. 1967-1967 жж Қазақ СРО Жоғарғы партия мектебінің тыңдаушысы болды. Кейін №22 шахтада бас инженер көмекшісі болып еңбек етті.
1975 жылы партиялық жұмысқа - Қарағанды облысының Шахтинскінің тау кен комитеті партиясының хатшысы болып жолданды. Қаланың көмір өнеркәсібіне, Ленин атындағы, «Казахстанская», «Молодёжная», «Степная» және «Шахтинская» шахталарындағы жұмыстарға жетекшілік етті және «Шахтинская» мен «Тентекская» шахталарының құрылысын салып, іске қосумен айналысты.
Оның әріптестері Жұмабек Абдраманұлы Шахтинскінің тау кен комитеті партиясының хатшысы болғанда, шахтаның кенжарында болып, кеншілердің проблемаларына, жас кеншілерге назар бөлген, шахтада кеншілерді жеке қабылдап, олардың түрлі мәселелерін шешуге тырысқан деп айтады.
Кейін «Каруголь» өндірістік бірлестіктің негізгі өндірісін қамтамасыз еткен Қарағанды қаласының Киров аудандық комитеті партиясының бірінші хатшысы болып сайланды. Қаланың ірі көмір өндіруші ауданы ретіндегі Кировский, кейін Октябрь ауданы мамырда және қазанда өтетін мерекелік демонстарцияларды ашқан, Қазақ СРО Министрлар Кеңесінің өтпелі Қызыл Туын алған. Осы деректе Ж. Абдрамановтың да үлесі бар.
Оның бастамасымен түрлі жылдарда Қарағанды көмір бассейні Жалпыодақтық әлеумеьттік жарыстарда барлық жұмыс көрсеткіштері бойынша үздік үштіктердің қатарында болған.
1977 жылы Қазақстан Компартиясы съезінің делегаты ретінде сайланды.
1980 жылы Қарағанды облыстық комитеті партиясының әкімшілік органдар бөлімінің меңгерушісі болып, облыстың құқық қорғау органын басқарды. Генерал Бейсеновтің бастамасымен ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің және Долинкадағы оқу орталығының құрылуына, Кадет оқу орнының ұйымдастырылып, құрылуына қатысты.
1985 жылы көмір өнеркәсібі қызметкерлері кәсіподағының Қарағанды аумақтық комитетінің төрағасы болды, Жұмабек Абдраманұлы Шұбаркөл және Борлы көмір разрездерінің құрылысын салу және іске қосылуына, әлеуметтік-мәдени-тұрмыстық нысандардың құрылысын салуға белсенді қатысты. КСРО кәсіподағының ОК барлық пленумдары мен съездеріне қатысты. Көмір өнеркәсібі министрлігі алқасының мүшесі ретінде сайланды, барлық көмір өңірлерінде болда, еңбекті қорғау және жазатайым жағдайларды тергеу бойынша комиссия мүшесі болды.
1990 жылы Ж.Абдраманов Мәскеу қаласында КСРО көмір өнеркәсібі кәсіподағының ОК хатшысы ретінде сайланды.
1995 жылы зейнеткерлікке шыққан кейін Ж.Абдраманов бұзылған пионер лагерін қалпына келтірумен айналысты, 10 жыл бойы демалыссыз ебек ете отырып, Қазақстан Республикасындағы үздік «Орленок» кеншілер балаларының демалыс және тәрбиелеу орталығын құрған, 2008 жылға дейін директоры болып еңбек етті.
Костенко атындағы шахта кәсіподағының төрағасы Владимир Кооп балалар лагерь директорын өте жақсы көргенін айтады. Ол көп демалушылардың ата-аналарымен таныс болған, олармен тығыз жұмыс істеген, бұл Ж.Абдрамановты қайырымды, қамқор және мейірімді адам ретінде сипаттайды.
Ж.А.Абдраманов бірлестік мүшелерінің балаларын сауықтыру бойынша «Қорғау» көмір өндірушілер кәсіподағы» ҚБ төрағасының кеңесшісі болып табылады. Талантты тау кен инженері, өндірістің ірі ұйымдастырушысы бола отырып, Жұмабек Абдраманұлы өзінің ебек сүйгіштігі, кәсіби біліктігі, адалдығы, әділдігі мен адамгершілігі арқылы қарапайым жұмыскерлерден бастап бірінші басшыға дейін құрметке иеленді.
20 астам жылдан астам уақытта Жұмабек Абдраманов Халық депутаттары кеңесінің облыстық, қалалық, аудандық депутаты болып сайланған (1970-1995жж). Көп жылғы қажырлы еңбегі үшін Еңбек Қызыл ту, «Құрметі белгісі ордендерімен, 5 медальмен марапатталды, «Шахтер даңқы» Белгісінің үшінші дәрежелі кавалері болып табылады, «Құрметті кенші» атағын иеленген. Сонымен қатар Қазақ СРО Министрлер Кеңесінің, ЖОКОК, Қазақ Кәсіподақ кеңесінің Құрмет грамоталарымен, ХШҚК медальдарымен марапатталған. Жұмабек Абдраманов - 5 баланы тәрбиелеген тамаша отағасы.
70 жылдығы мен 75 жылдығында Жұмабек Абдрамановты Қазақстан Республикасының Президенті құттықтаған. «Вы достойно проработали на разных ответственных постах и всю свою сознательную жизнь посвятили на благо народа и до сих пор трудитесь» - деп Елбасы атап өткен. Сонымен қатар көпжылдық қажырлы еңбегі үшін Жұмабек Абдрамановқа ризашылығын білдіріп, шығармашылық табыстар тілеген.
«Қарағанды қаласының құрметті азаматы» атағына Қарағанды қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытуға қосқан үлесі, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша белсенді қызметі үшін 2015 жылғы 9 желтоқсанда ие болды.
Атақты беру күні: 2015 жылғы 09 желтоқсан.

Дата публикации
10 января 2023
Дата обновления
10 января 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

01 декабря 2025
Қоғамдық кеңес отырысының 2025 жылғы 27 қарашадағы хаттамасы
01 декабря 2025
Қарағанды қаласы Қоғамдық кеңесінің сараптамалық қорытындысы
11 ноября 2025
Қарағанды қаласы Қоғамдық кеңесінің эксперттік қорытындысы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы