
1920 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында туды.
1939 жылы екі жылдық курсты бітіргеннен кейін Семей облысының Үржар жетіжылдық мектебінде еңбек жолын бастады, осы жылы Совет армиясының қатарына шақырылды. Отан соғысына қатысып, екі мәрте ауыр жараланған, соғыс мүгедегі.
1952 жылы мұғалімдік институтын бітіргеннен кейін лектор, Қарағанды облыстық партия комитетінде бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды.
1954 жылы Москва қаласының жоғарғы партия мектебін аяқтаған соң, Қарағанды қалалық партия комитетінің хатшысы, БЛКЖО ОК бірінші хатшысы болды.
1961 жылы қоғамдық білім Академиясын бітіргеннен кейінгі еңбек өмірбаяны педагогикалық институттың саяси экономика кафедрасының меңгерушісі, содан кейін декан және Қарағанды университетінің кафедра меңгерушісі, 10 жылдай кооператив институтының ректоры, ал 1987 жылдан бастап ҚарМУ профессоры, экономика ғылымдарының докторы. 200 дана еңбектері басылған, соның ішінде 8 монографиясы бар. Әлденеше рет СССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. I дәрежелі «Отан соғысы», «Құрмет белгісі», ордендерімен, «Ерлігі үшін», мерекелік медальдарымен, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамоталарымен, БЛКЖО ОК, Орталықодақ ССРО грамоталарымен марапатталды.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Отан алдындағы қызметі, экономикаға, мәдениетке, жастарды интернационалдық тәрбиелеуге елеулі үлес қосқаны және қаланың қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін 1996 жылдың 26 сәуірінде «Қарағанды қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.
Атақ берілген күні: 1996 жылы 26 сәуір