Бағалаушыларды іріктеу туралы хабарландыруы

Теміртау қаласы мәслихаты аппаратының

бағалаушыларды іріктеу туралы хабарландыруы

 

«Б» корпусының бос және уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурстық комиссия құрамына енгізу үшін Мәслихат аппараты іс жүргізу бағыты бойынша бағалаушыларды іріктеуді жүргізеді.

Бағалаушылар бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар болуы, не персоналды басқару жөніндегі мамандары немесе басқа да мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері болуы қажет.

Бағалаушы ретінде қатысуға ниет білдірген адамдар eqyzmet.gov.kz интернет-порталында тіркелуі және maslihat_temir@mail.ru электрондық поштасына еңбек  жолын растайтын құжаттарды жолдауы қажет.

 

Іріктеуге қатысу үшін өтінім беру мерзімдер:

2024 жылдың 16 сәуірінен бастап 22 сәуіріне дейін

 

Дата публикации
15 апреля 2024