2023 жылғы Бюджеттік бағдарлама

«Теміртау қаласы

мәслихатының аппараты»

мемлекеттік мекемесінің

2023-2025 жылдарға арналған

бюджеттік бағдарламасын

қайта бекіту, бюджеттік

бағдарламасына жауапты

басшыны тағайындау,

бюджеттік бағдарламаларын

бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің  2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Қарағанды облысы әкімдігінің 2023 жылғы 25 шілдедегі № 50/02 «Қарағанды облысы әкімдігінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 85/05 «Облыстық мәслихаттың 2022 жылғы 8 желтоқсандағы XXI сессиясының № 271                    «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешімін іске асыру туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысын, Теміртау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 8 тамыздағы 7 сессиясының                     № 7/4 «Теміртау қалалық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 38/4 «Теміртау қаласының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімін және Теміртау қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 58/2 «Теміртау қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 97/1 «Қалалық мәслихаттың              2022 жылғы 22 желтоқсандағы 38 сессиясының № 38/4 «Теміртау қаласының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы» қаулысынаөзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысын іске асыру мақсатында:

  1. 2023-2025 жылдарға арналған:

1) 01.1.112.001 «Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы                 1-қосымшаға сәйкес қайта бекітілсін және жаңа редакцияда мазмұндалсын:

  1. 2023-2025 жылдарға арналған:

1) 01.1.112.003 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы осы өкімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2) 01.1.112.005 «Мәслихаттар депутаттары қызметінің тиімділігін арттыру» бюджеттік бағдарламасы осы өкімнің 3-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

  1. 2023 жылғы 15 тамыздағы № 3-1/22 өкімге сәйкес 2023-2025 жылдарға арналған 01.1.112.003 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» және 01.1.112.005 «Мәслихаттар депутаттары қызметінің тиімділігін арттыру» бюджеттік бағдарламаларының басшысы етіп аппарат басшысы – Ольга Павловна Миронова тағайындалсын.
  2. Осы өкімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

 

 

Теміртау қаласы

мәслихатының төрағасы                                                                     А.Ломакин

 

 

 

 

Бюджеттік бағдарлама
Дата публикации
26 февраля 2024