Хабарлама

Қарағанды облысы Теміртау қаласы мәслихатының сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы

ХАБАРЛАМАСЫ

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Қарағанды облысы Теміртау қаласының мәслихаты аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамы қалыптастырылатындығы туралы хабарлайды.

Аумақтық сайлау комиссиялары жеті адамнан құрылады.

Қалалың аумақтық сайлау комиссиясы учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскедегі сайлаушылардың санына қарай тағайындаған.

Сайлау комиссияларының өкілеттiк мерзiмi бес жылды құрайды.

Әрбiр саяси партия тиiстi сайлау комиссиясының құрамына бiр кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелерi болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Мәслихат белгiлеген, сайлау комиссияларын құру мерзiмiне дейiн он бес күннен кем болмауға тиiс мерзiмде саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері мен құрылып жатқандардан жоғарғы тұрған сайлау комиссиялары 2023 жылдың                          10 қарашасынан бастап 8 желтоқсанына дейін мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:

1) сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы белгіленген нысандағы электронды және қағаз түрінде мәліметтер;  

2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы  саяси партияның,  қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің),  жоғары тұрған сайлау комиссияларының шешімдерінен үзінді;

3) саяси партияны,  қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына белгіленген нысан бойынша қатысуға келісімі туралы өтініштері.

Сайлау комиссиялары құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісім беруі туралы өтініштерінің нысаны мәслихаттың сайтына орналастырылған.   

 Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес болуы тиіс.

Аумақтық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам, аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін атқаруға қажетті білім деңгейіне, жұмыс өтілі мен (немесе) жұмыс тәжірибесіне, кәсіби құзіретіне қарай белгіленген аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне қойылатын, бекітілген біліктілік талаптарға сәйкес болуы тиіс, сонымен қатар Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсындағы «Сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» кіші жүйесі арқылы сайлау туралы заңнаманы білуін тестілеуден өткендігі туралы сертификаты болуы қажет.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшілік-аумақтық бiрлiктің аумағында тұруға тиiс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.

Бір сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Қағаз жүзінде мәслихатқа ұсынылған барлық құжаттарға қол қойылып, мөрмен бекітілуі қажет және онда орындау күні, орындаушының тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері, телефон нөмірі көрсетілген ол туралы белгі болуы қажет.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау, 2023 жылдың                          10 қарашасынан бастап 8 желтоқсанына дейін, дүйсенбі мен жұма аралығында, сағат: 09:00 бастап 18:00 дейін жүзеге асырылады, 13:00 бастап 14:00 дейін үзіліс.

 

Хабарлама
Дата публикации
09 ноября 2023