GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Мәслихат туралы
Қызметі
Все материалы
19 октября 2026
ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ

ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ

БЖЗҚ ТУРАЛЫ ӨЗЕКТІ САУАЛДАР

  1. Зейнетақы активтерін кім басқарады?

 

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ), сондай-ақ 2021 жылдан бастап тиісті лицензиясы бар және уәкілетті органның талаптарына сай келетін инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) жүзеге асырады. Мұндай сенімгерлік басқарудың негізгі мақсаты – зейнетақы жинақтарын түрлі қаржы құралдарына инвестициялап, табыс алу.

Зейнетақы активтерін басқарушылар – ҚРҰБ пен ИПБ-лардың зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша өзіндік стратегиясы бар және олар инвестициялық портфельдің құрылымын инвестициялық декларация шеңберінде дербес айқындайды.

Қолданыстағы ИПБ тізіліміне қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға бере алатын 6 жеке компания кіреді:

«Alatau City Invest» АҚ, «BCC Invest» АҚ, «Сентрас Секьюритиз» АҚ, «Halyk Finance» АҚ, «Halyk Global Markets» АҚ, «Tansar Capital» АҚ. (Бұл ретте «Halyk Global Markets» АҚ «БЖЗҚ» АҚ-ға 2027 жылдан бастап сенімгерлік басқару шартын бұзатыны туралы хабарлаған. Осыған байланысты, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қор зейнетақы жинақтарын осы компанияға аудару туралы өтініштерді қабылдамайды).

www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен, сондай-ақ invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы арқылы ИПБ туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын зерделеуге болады.

 

  1. Заңнамалық өзгерістерге сәйкес міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) басқаруына беруге мүмкіндік қарастырылған. Бұл мүмкіндікті кім пайдалана алады және бұл механизм қалай жүзеге асырылады?

 

Зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін жеке басқарушы компаниялар – ИПБ-ларға сенімгерлік басқаруға беру мүмкіндігін БЖЗҚ-ның барлық салымшылары пайдалана алады. Бұл нормалар 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап күшіне енді.

www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен, сондай-ақ invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы арқылы ИПБ туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын зерделеуге болады.

Жақында бір ИПБ салымшыларға тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілік және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленетін инвестициялық портфельдердің үш түріне дейін – консервативті, қалыпты және тәуекелді портфельдерді ұсына алады.

Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдерін қалыптастыру тәртібін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

 

  1. Зейнетақы жинақтарын бірнеше басқарушы компания арасында бөлуге бола ма?

 

Салымшы бір немесе бірнеше ИПБ-ны таңдай алады. Халықты кеңінен хабардар ету мақсатында БЖЗҚ invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасын іске қосты. Бұл – салымшыларға сенімгерлік басқарушылардың (ҚРҰБ пен ИПБ) басқаруындағы зейнетақы активтерінің портфельдері бойынша түрлі деректерді бір ақпараттық алаңда салыстыруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ресурс. Салымшы мұнда инвестициялық портфельдерді өз бетінше бағалауға, сондай-ақ өзінің мақсаттары мен күтетін нәтижесіне сай келетін басқарушы компания мен оның инвестициялық стратегиясын таңдауға мүмкіндік беретін құралдарды пайдалана алады.

Бұдан бөлек, invest.enpf.kz платформасында салымшы ИПБ-лардың инвестициялық декларацияларымен танысып, олардың қаржылық көрсеткіштерін талдай алады. Сондай-ақ ИПБ-ларға қатысты реттеуші орган – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚР ҚНРДА) тарапынан қолданылған әкімшілік шаралар, санкциялар мен ықпал ету шаралары туралы ақпаратты да (олар болған жағдайда) көре алады.

 

  1. Зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дан басқарушы компанияға беру қалай жүзеге асырылады?

 

Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін салымшы алдымен ИПБ-ны таңдап, содан кейін белгіленген нысан бойынша өтініш береді.

Өтінішті enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте немесе invest.enpf.kz интернет-платформасында электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, сондай-ақ БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне барып беруге болады.

Жеке кабинетте салымшы, сондай-ақ:

  • ИПБ-ға/ҚРҰБ-қа беруге немесе қайтаруға қолжетімді соманы тексере алады;
  • ИПБ-ны таңдау (өзгерту) туралы немесе ИПБ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын ҚРҰБ-тың сенімгерлік басқаруына қайтару туралы өтініш беру ережелері және талаптарымен таныса алады;
  • ИПБ-ны таңдау (өзгерту) туралы немесе ҚРҰБ-қа қайтару туралы өтініш беріп, оның мәртебесін қадағалай алады;
  • басқа да қолжетімді зейнетақы қызметтерін пайдалана алады.

Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға аудару туралы берілген өтініштің мәртебесін сайттағы жеке кабинеттен немесе БЖЗҚ-ның мобильді қосымшасынан бақылауға болады.

ИПБ-ға аударуға өтініш беру және оларды БЖЗҚ-да өңдеу рәсімдері толық автоматтандырылған. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруға нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген мерзім ішінде береді.

Бұл ретте зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екіншісіне аудару немесе оларды ҚРҰБ-тың басқаруына қайтару алғашқы аударылған күннен бастап кемінде бір жыл өткен соң жүзеге асырылуы мүмкін.

 

  1. Салымшылар зейнетақы активтерін басқару туралы толық ақпаратты қайдан алып, басқарушы компаниялардың қызмет нәтижелерін қалай бақылай алады?

 

БЖЗҚ – барлық салымшылар үшін бірыңғай есепке алу және ақпараттық орталық, сондай-ақ активтерді кім басқаратынына қарамастан (ҚРҰБ және/немесе салымшы таңдаған ИПБ) олардың жеке зейнетақы шоттарының операторы.

БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқаруға байланысты қолжетімді қызметтер мен сервистерді ұсынады. Азаматтардың зейнетақы жинақтары, оның ішінде инвестициялық табыс ескерілген ақпарат enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасында 24/7 режимінде берілетін үзінді көшірмелерде толық көрсетіледі.

Әр басқарушының инвестициялық қызметі туралы ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және талдау» – «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару» бөлімінде тұрақты түрде жаңартылып отырады.

Сонымен қатар, БЖЗҚ салымшылары үшін invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы жұмыс істейді. Бұл – барлық басқарушылардың (ҚРҰБ пен ИПБ) активтерді басқару нәтижелерін өзара салыстыруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ресурс. Invest.enpf.kz платформасы инвестициялық табыстылық туралы ақпаратқа қол жеткізуге, белгіленген кезең аралығындағы басқарушылар мен олардың инвестициялық портфельдері бойынша деректерді салыстыруға және инвестициялық шешімдерді саналы түрде қабылдауға мүмкіндік береді.

 

12 октября 2026
2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарын басқарудың кеңейтілген мүмкіндіктеріне ие болды

2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарын басқарудың кеңейтілген мүмкіндіктеріне ие болды

 

2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне енгізілген, салымшылардың өз зейнетақы жинақтарын басқару мүмкіндіктерін кеңейтетін өзгерістер[1] күшіне енді. Жаңа өзгерістерге сәйкес, енді салымшы (алушы) жеке зейнетақы шотындағы (ЖЗШ) міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) сенімгерлік басқаруына бере алады.

Бұл ретте МЗЖ және ЕЗЖ есебінен жинақтары бар салымшылар, сондай-ақ олар үшін МКЗЖ және ЕЗЖ аударылған жеке тұлғалар өздерінің сенімгерлік басқаруға берілетін жинақтарының көлемін дербес айқындауға, сондай-ақ қаржылық мақсаттарына сәйкес бір немесе бірнеше ИПБ-ны және бір немесе бірнеше инвестициял         ық портфельді таңдауға құқылы.

Заңнамаға сәйкес, ИПБ үш инвестициялық портфельге дейін қалыптастыра алады: консервативті, қалыпты және тәуекелді. Олар тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілік және инвестициялау мерзімдері бойынша ерекшеленеді. Әртүрлі инвестициялық портфельдерді таңдау мүмкіндігі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 37-1-бабында бекітілген. Оларды қалыптастыруға қойылатын талаптарды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушылардың сенімгерлік басқаруына беру тәртібі және инвестициялық мүмкіндіктер туралы толық ақпарат БЖЗҚ сайтында және invest.enpf.kz платформасында қолжетімді.

Осылайша, зейнетақы жүйесі салымшы пассивті рөл атқаратын модельден адамның өзінің ұзақмерзімді зейнетақы жинақтарын басқаруға саналы түрде қатысуын көздейтін жүйеге біртіндеп ауысуда. Инвестициялық стратегияны таңдау мүмкіндіктерінің кезең-кезеңімен кеңеюі және зейнетақы активтерін басқару туралы ақпараттың қолжетімділігін арттыру салымшылардың болашақ зейнетақы табысын қалыптастыруға қатысты шешімдер қабылдауға белсендірек қатысуына жағдай жасайды.

 

[1] "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 7 шілдедегі № 334-VIII Заңы 

29 сентября 2026
Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің назарына

Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің назарына

 

Қарағанды  облысының  Саран қалалық  мәслихатының  окргтік сайлау комиссияларының  құрамына өзгерістер енгізу туралы

ХАБАРЫ

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының  10 және 19-бабтарына сәйкес сайлау комиссиялары мүшелерінің шығып кетуіне байланысты, Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихаты округтік сайлау комиссияларының  құрамына кандидаттар бойынша ұсыныстарды қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.

Сайлау комиссиясының  құрамына ұсынылған тұлғалар, комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініш қоса ұсынады. Ұсынылған кандидаттар   «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының   19-бабы 2-1, 10 тармақтарына, 20-бабы 12 тармағына сай болуы қажет. Қалалық мәслихатқа бекітілген нысанға сәйкес кандидаттарды ұсынады.

Аталған ұсыныстар қалалық мәслихат 2026 жылғы 30 қыркүйектен 2026 жылғы 14 қазанға дейінгі мерзімде (дүйсенбі - жұма күндері сағат 09:00 - 18:00 сағатқа дейін, түскі ас 13.00-14.00) қабылданады.

 

Саран қалалық мәслихатының аппараты

 

Мәслихаттың орналасқан жері: Саран қаласы, Жамбыл көшесі 67-үй.

Баймағанбетов Өміржан Зейнешұлы – Саран қалалық мәслихатының төрағасы.

Жауапты адам – Малшыбекова Заря Блялқызы, № 203-кабинет, қалааралық телефон  коды (872137) қызметтік 73908, факс нөмірлері 73909.

 

Қалалық мәслихат 3 округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды:

 

 

№ р/б

Сайлау округтің нөмірі

Сайлау комиссиясының орналасқан жері (сайлау комиссиясы орналасқан ғимараттың мекенжайы)

Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны

1

2

3

4

3.

№ 3

Саран қ.,  Абай көшесі, 25а-үй, «№ 17 мектеп гимназия» коммуналды мемлекеттік мекемесі

5

8.

№ 8

Саран қ., Кольцевой көшесі, 12- үй, «Саран техникалық колледжі» коммуналды мемлекеттік мекемесі

5

9.

№ 9

Саран қ., Ушаков көшесі, 8/1-үй, «Жалпы білім беретін мектеп № 2» коммуналды мемлекеттік мекемесі

5

 

Саран қалалық мәслихаты

29.09.2026 ж.

https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-saran/documents/details/1073423?lang=kk

29 сентября 2026
Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің назарына

Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің назарына

 

Қарағанды  облысының  Саран қалалық  мәслихатының  участкелік сайлау комиссияларының  құрамына өзгерістер енгізу туралы

ХАБАРЫ

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының  10 және 19-бабтарына сәйкес сайлау комиссиялары мүшелерінің шығып кетуіне байланысты, Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихаты учаскелік сайлау комиссияларының  құрамына кандидаттар бойынша ұсыныстарды қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.

Сайлау комиссиясының  құрамына ұсынылған тұлғалар, комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініш қоса ұсынады. Ұсынылған кандидаттар   «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының   19-бабы 2-1, 10 тармақтарына, 20-бабы 12 тармағына сай болуы қажет. Қалалық мәслихатқа бекітілген нысанға сәйкес кандидаттарды ұсынады.

Аталған ұсыныстар қалалық мәслихат 2026 жылғы 30 қыркүйектен 2026 жылғы 14 қазанға дейінгі мерзімде (дүйсенбі - жұма күндері сағат 09:00 - 18:00 сағатқа дейін, түскі ас 13.00-14.00) қабылданады.

 

Саран қалалық мәслихатының аппараты

 

Мәслихаттың орналасқан жері: Саран қаласы, Жамбыл көшесі 67-үй.

Баймағанбетов Өміржан Зейнешұлы – Саран қалалық мәслихатының төрағасы.

Жауапты адам – Малшыбекова Заря Блялқызы, № 203-кабинет, қалааралық телефон  коды (872137) қызметтік 73908, факс нөмірлері 73909, электрондық пошта мекенжайы – saranmaslihat@mail.ru.

Қалалық мәслихат 7 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды:

 

№ р/б

Сайлау учаскесінің нөмірі

Сайлау комиссиясының орналасқан жері (сайлау комиссиясы орналасқан ғимараттың мекенжайы)

Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны

1

2

3

4

 

Учаскелік сайлау комиссиялары – 7

 

1.

№237

Саран қ., Женіс к-сі, 28 -үй, «Абай Кұнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы-техникалық колледжі» КМҚК

1

2.

№ 239

Саран қ.,  Ленин д., 14- үй, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы-техникалық колледжі» КМҚК

2

3.

№ 241

Саран қ., Жамбыл к., 72-үй, «Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ

1

4.

№ 243

Саран к., 1А ықшам ауданы, 26-үй, «№ 6 жалпы білім беретін мектеп» КММ (сол қанаты)

2

5.

№ 247

Саран қ.,  Кольцевая к-сі, 12- үй, «Саран техникалық колледжі» КММ

1

https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-saran/documents/details/1073402?lang=kk

Саран қалалық мәслихаты

29.09.2026 г.

25 сентября 2026
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ

Саран қалалық мәслихаты депутаттарының және қала тұрғындарының назарына

2026 жылғы 24 қыркүйек

Саран қалалық мәслихаты төрағасының өкімі

 

Саран қ.                                   № 27-н                                                         2026 жылғы 24 қыркүйек  

Қалалық мәслихаттың

кезектен тыс 40 сессиясын

шақыру туралы

 

Саран қалалық мәслихатының кезектен тыс  40 сессиясы 2026 жылғы 28 қыркүйек сағат 10.00-де шақырылсын.

    

ХАБАРЛАМА

Қалалық мәслихаттың 2026 жылғы 24 қыркүйекте кезектен тыс 40 сессиясының қарауына мәселелер шығарылады:

  1. Саран қалалық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы 30 сессиясының «2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» № 257 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Саран қалалық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы 30 сессиясының «2026-2028 жылдарға арналған Ақтас кентінің бюджеті туралы» № 258 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. «2027 жылға Саран қаласы мен Ақтас кенті бойынша кондоминиум объектісін күтіп-ұстауға және оған қызмет көрсетуге арналған шығыстардың ең төменгі мөлшерін бекіту туралы.
  4. «Саран қаласы әкімдігінің жанынан «Заң және Тәртіп» конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия бекіту туралы»
  5. Саран қалалық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы 30 сессиясының «Саран қаласы әкімдігінің жанындағы үйлестіру кеңестерінің, қалалық комиссиялардың, қалалық кеңестердің дербес құрамдарын бекіту туралы» № 264 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.                   

Сессияны дайындауға жауапты: Заря Блялевна Малшибекова, жұмыс тел. 8(72137) 73908, электрондық пошта мекенжайы: saranmaslihat@mail.ru.

 

       Саран қалалық мәслихатының

       төрағасы                                                                                                 О. Баймаганбетов

 

 

22 сентября 2026
Ақтас кентінің жылу беру маусымына дайындығы

22 қыркүйекте қалалық мәслихат төрағасы О. Баймағанбетов әріптесі – қалалық мәслихат депутаты Е.Е. Хисметовпен және «Әділет» партиясы Саран филиалының төрайымы Н. С. Тәжібаевамен бірге Ақтас кентіндегі «Нұрлы Жол» және «18 квартал» қазандықтарына барып, олардың алдағы жылыту маусымына дайындығын тексерді.

Сондай-ақ, тексеруге Ақтас кентінің әкімі Б.З. Ақанов, жылумен жабдықтау нысандарын пайдалануға жауапты «Сараньтеплосервис» ЖШС директоры С.К. Жансәгімов және ЖК К.М. Төкешев қатысты.

Оқиға орнында тұрғындарды тұрақты жылумен қамтамасыз етуге байланысты негізгі мәселелер: қазандықтардың техникалық жай-күйі, отынның болуы мен сапасы, кадрлармен қамтамасыз етілуі, жабдықтар мен жылу желілерінің дайындығы талқыланды. Халықтың жылуға берешегі жеке талқыланып, ол жүйелі шешімді қажет етеді және кәсіпорындардың тұрақты жұмысына әсер етеді.

«Нұрлы Жол» қазандығында төрт қазандық жөнделді, тағы екеуі күрделі жөндеуден өтті. Қож-күл шығару жүйесі, жылу желілері және электр жабдықтары бойынша жұмыстар жүргізілді, кабель желілері қалпына келтірілді, отын жеткізу қамтамасыз етілді.

«18 квартал» қазандығында барлық қазандықтар жөнделді, жабдықтар мен бекіту арматурасы тексерілді, түтін мұржасы жөнделді, түтін сорғыштар ауыстырылды және отын жеткізуге келісімшарт жасалды.

Тексеру қорытындысы бойынша қазандықтарды жылыту маусымына дайындау бойынша негізгі жұмыстар аяқталғаны атап өтілді.

Енді олардың бүкіл жылыту кезеңінде тұрақты жұмысын қамтамасыз ету маңызды. Нысандардың жай-күйін бақылау жалғасады.

18 сентября 2026
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Саран қалалық мәслихаты депутаттарының және қала тұрғындарының назарына

2026 жылғы 18 қыркүйек

Саран қалалық мәслихаты төрағасының өкімі

 

Саран қ.                                   № 25-н                                                         2026 жылғы 18 қыркүйек  

Қалалық мәслихаттың

кезекті 40 сессиясын

шақыру туралы

 

Саран қалалық мәслихатының кезекті  40 сессиясы 2026 жылғы 30 қыркүйек сағат 10.00-де шақырылсын.

    

ХАБАРЛАМА

Қалалық мәслихаттың 2026 жылғы 30 қыркүйекте кезекті 40 сессиясының қарауына мәселелер шығарылады:

  1. Саран қаласы әкімінің мәслихат депутаттары алдында өзіне жүктелген міндеттері мен атқарылған жұмыстары туралы есебі.
  2. 2. Саран қаласы мен Ақтас кенті коммуналды шаруашылық объектілерінің 2026 – 2027 жылғы жылу беру маусымына  дайындығы туралы.
  3. «Саран қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі Инвестициялық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі жұмысы туралы.
  4. «2027 жылға Саран қаласы мен Ақтас кенті бойынша кондоминиум объектісін күтіп-ұстауға және оған қызмет көрсетуге арналған шығыстардың ең төменгі мөлшерін бекіту туралы.
  5. Басқа да мәселелер.

Сессияны дайындауға жауапты: Заря Блялевна Малшибекова, жұмыс тел. 8(72137) 73908, электрондық пошта мекенжайы: saranmaslihat@mail.ru.

 

       Саран қалалық мәслихатының

       төрағасы                                                                                                 О. Баймаганбетов

 

 

18 сентября 2026
Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысы өтті

17 қыркүйекте коммуналдық шаруашылық, өнеркәсіп, құрылыс, көлік, экология, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті. Комиссия жұмысына қала әкімінің орынбасары Арнешев Д.Б., Ақтас кенті әкімінің орынбасары Анаев М.А., Қоғамдық кеңес төрағасы Тлекбаев С.К., тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы  Алимжанов Д.Ж., сондай-ақ ПИК төрағалары қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселе «Саран қаласы және Ақтас кенті бойынша 2027 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстардың ең төменгі мөлшерін бекіту туралы» шешім жобасын қарау болды.

Талқылау барысында депутаттар ұсынылған шығыс мөлшерлерін, көппәтерлі тұрғын үйлерді күтіп-ұстау және жөндеу мәселелерін, сондай-ақ ортақ мүліктің тиісті жай-күйін қамтамасыз етуді егжей-тегжейлі қарады.

Тұрғындарды алаңдататын мәселелерге ерекше назар аударылды. ПИК өкілдері ағымдағы мәселелер туралы айтып, үйлерді басқарудағы практикалық тәжірибелерімен бөлісті.

Талқылау ашық диалог форматында өтті. Қатысушылар пікірлерімен және ұсыныстарымен алмасып, үйлердің нақты қажеттіліктері мен тұрғындардың мүдделерін ескере отырып, шығыстарды анықтауға негізделген көзқарастың маңыздылығын атап өтті.

Шешім жобасын қарау қорытындысы бойынша депутаттар бірқатар ұсыныстар мен ескертулер айтты. Тұрғын үй инспекциясы бөліміне қосымша талдау және салыстыру үшін әрбір ПИК бойынша қолданыстағы шығыс сметаларын ұсыну ұсынылды.

Келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып, 2027 жылға арналған тарифті бекіту үшін кезекті сессияға шығарғанға дейін бұл мәселені қайта қарау туралы шешім қабылданды.

 

 

 

 

 

 

 

 

14 сентября 2026
Зейнетақы жинақтары – өз бақылауыңызда: БЖЗҚ салымшыларының инвестициялық мүмкіндіктері кеңейтілуде

Зейнетақы жинақтары – өз бақылауыңызда:

БЖЗҚ салымшыларының инвестициялық мүмкіндіктері кеңейтілуде

 

2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексіне[1] енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Бұл өзгерістер БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтарын басқару стратегиялары мен инвестициялық портфельдерді өз бетінше таңдау құқықтарын едәуір кеңейтеді. Енді салымшылар өздерінің зейнетақы жинақтарының 100%-ына дейін инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) сенімгерлік басқаруына бере алады.

Жаңашылдықтардың мақсаты – ең қолайлы инвестициялық стратегиясы мен табыстылық тарихы бар ИПБ-ны таңдау арқылы жинақтарды басқарудың ұзақ мерзімді кірістілігін арттыру.

Міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналарының (ЕЗЖ) салымшылары, сондай-ақ пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) мен ЕЗЖ аударылатын жеке тұлғалар сенімгерлік басқаруға берілетін зейнетақы жинақтарының көлемін өз бетінше айқындауға, бір немесе бірнеше ИПБ-ны, сондай-ақ өздерінің қаржылық мақсаттарына сәйкес бір немесе бірнеше инвестициялық портфельді таңдауға мүмкіндік алады.

 

Таңдау мүмкіндігі арта түседі

Заңнамаға сәйкес әрбір ИПБ салымшыларға тәуекел деңгейі, инвестициялар құрылымы және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленетін инвестициялық портфельдердің үш түріне дейін (консервативті, теңгерімді және тәуекелі жоғары) ұсына алады. Үш түрлі портфельдің болуы инвестицияларды салымшының жасына және жеке мүдделеріне қарай бейімдеуге мүмкіндік береді. Ал жинақтарды бірнеше ИПБ арасында бөлу құқығы олардың табыстылығының ауытқуына тәуелділікті азайтады.

ИПБ-ның инвестициялық портфельдерін қалыптастыруға қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) айқындайды.

 

Барлық ақпарат – бір платформада

Салымшыларға қолайлы болу үшін БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға қатысты негізгі ақпаратты біріктіретін invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасын іске қосты. Платформа табыстылық туралы ақпаратқа ыңғайлы әрі құрылымдалған қолжетімділікті қамтамасыз етеді, белгіленген кезеңдер бойынша әртүрлі басқарушылардың (ҚР Ұлттық Банкі мен ИПБ-лардың) басқаруындағы инвестициялық портфельдердің көрсеткіштерін динамикада салыстыруға мүмкіндік береді.

 

Салымшы инвестициялық портфельдерді бағалап, өзінің мүддесі мен инвестициялық мақсаттарына сәйкес басқарушыны және оның инвестициялық стратегияларын дербес таңдай алады.

 

Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға қалай беруге болады?

Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін салымшы зейнетақы активтерін басқаруға рұқсат етілген инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) тізілімінен басқарушы компанияны таңдауы және өтініш беруі қажет. (Толық ақпарат БЖЗҚ сайтындағы «Қызметтер – Сенімгерлік басқаруға аудару – Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінде орналастырылған.)

Өтінішті:

  • kz сайтындағы жеке кабинет арқылы (электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып);
  • жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну арқылы БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесінде беруге болады.

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ға беру, бір ИПБ-дан екіншісіне ауыстыру немесе жинақтарды ИПБ-дан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) басқаруына қайтару бойынша қадамдық нұсқаулық мына сілтеме бойынша орналастырылған: https://www.enpf.kz/kz/services/Invest/22218/. 

Өтініштің орындалу мәртебесін БЖЗҚ сайтындағы немесе мобильді қосымшасындағы жеке кабинеттен («Өтініштер» бөлімі) қадағалауға болады. Өтініштерді қабылдау және өңдеу үдерісі толық автоматтандырылған. Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беру өтініш келіп түскен күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде БЖЗҚ арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екіншісіне ауыстыруға немесе оларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруына қайтаруға жинақтар инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына берілген күннен бастап кемінде бір жыл өткеннен кейін ғана рұқсат беріледі.

 

ИПБ басқаруындағы зейнетақы жинақтарын қорғау тетіктері

Зейнетақы жинақтарын басқару мүмкіндіктерінің кеңеюі салымшының жауапкершілігінің де артуын білдіреді. ИПБ-ны таңдау – салымшының дербес шешімі. Ол ұсынылатын инвестициялық стратегияны, инвестициялық портфельдің құрылымын, тәуекел деңгейін және активтерді басқару нәтижелерін өз бетінше бағалайды.

Заңнамада зейнетақы жинақтарын қорғаудың кешенді жүйесі көзделген:

  • ИПБ-ның қаржылық жауапкершілігі. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап табыстылықтың эталоны ретінде қолданылатын композиттік индекстер жүйесі енгізілді. Егер инвестициялық портфельдің табыстылығы белгіленген бағдардан төмен болса, басқарушы компания айырманы өз капиталы есебінен салымшыға өтеуге міндетті.
  • Тәуелсіз кастодиан-банк. Барлық активтер кастодиан-банкте (тәуелсіз ірі банкте) сақталады. Ол активтердің заңнама талаптарына сәйкес орналастырылуын бақылайды. Бұл ретте активтер салымшының БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотында (ЖЗШ) есепке алынуын жалғастырады және ИПБ-ның меншікті активтерінен бөлек сақталады. ИПБ банкрот болған жағдайда салымшылардың зейнетақы активтері оның міндеттемелерін орындауға пайдаланылмайды.
  • Инвестициялық шектеулер және әртараптандыру. Реттеуші ИПБ инвестициялай алатын қаржы құралдарының тізбесін белгілейді. Олардың қатарына Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздары, қазақстандық және шетелдік ұйымдардың үлестік және борыштық бағалы қағаздары, сондай-ақ тиісті кредиттік рейтингі бар екінші деңгейдегі банктер мен бейрезидент-банктердегі салымдар кіреді. Жоғары тәуекелді цифрлық және криптоактивтер бұл тізбеге енгізілмеген, сондықтан зейнетақы жинақтарын оларға инвестициялауға жол берілмейді. Сонымен қатар заңнамада инвестициялау лимиттері белгіленген. Әрбір ИПБ реттеуші талаптарын ескере отырып, өзінің инвестициялық декларациясында басқару стратегиясын дербес айқындайды.
  • Басқарушы компанияларға қойылатын талаптар. Зейнетақы активтерін басқаруға қаржылық тұрғыдан орнықты ИПБ ғана жіберіледі. Ол реттеушінің капитал жеткіліктілігіне, клиенттердің активтерін басқару тәжірибесіне, сондай-ақ ірі акционерінің немесе рейтингі «BBB» деңгейінен төмен емес бейрезидент акционерінің болуына қатысты реттеушінің талаптарына сәйкес келуі тиіс. Зейнетақы активтерін басқаруға рұқсат берілген ИПБ-лар тізілімі ҚНРДА мен БЖЗҚ-ның ресми интернет-ресурстарында жарияланған. Қазіргі уақытта зейнетақы активтерін басқару алты компанияның құзыретінде: «Alatau City Invest» АҚ, «BCC Invest» АҚ, «Halyk Global Markets» АҚ[2], «Halyk Finance» АҚ, «Сентрас Секьюритиз» АҚ және «Tansar Capital» АҚ. ИПБ тізілімнен шығарылған жағдайда салымшылардың зейнетақы жинақтары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруына қайтарылады.

 

[1]ҚР Әлеуметтік кодексінің 37-1 бабы, 4-тармағы  

 [2] "Halyk Global Markets" АҚ 2027 жылдан бастап сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу туралы хабарлама жіберді. Осыған байланысты БЖЗҚ 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салымшылардың зейнетақы активтерін оның басқармасына ауыстыру туралы жаңа өтініштерін қабылдамайды.

 

14 сентября 2026
2026-2027 жылдарға жылыту маусымына жергілікті қазандықтарды дайындау

Жылумен жабдықтау нысандарын алдағы жылыту маусымына дайындау аясында бүгін мәслихат төрағасы О. Баймағанбетов әріптестері – қалалық мәслихат депутаттары Жаяубаев Ж.К. және Савчин Я.Н.-мен бірге РТИ шағын ауданындағы бірқатар тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ететін БМК қазандығына барды.
Іс-шараға сондай-ақ қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.Мұқтар мен «Сараньтеплосервис» ЖШС директоры С. Жансағымов қатысты.
Қазандықты аралау барысында оның техникалық дайындығына, негізгі жабдықтардың жай-күйіне және жылыту кезеңіне дайындық бойынша жоспарланған іс-шаралардың орындалуына бағалау жүргізілді.
Жөндеу жұмыстары аясында қазандықтар мен электр жабдықтары, ШЗУ жүйелері мен түтін мұржасы жөнделді, бекіту арматурасы ауыстырылды, жаңа сорғы жабдығы орнатылды.
Кездесу барысында қазандықты отынмен қамтамасыз ету, оның сапасы мен жеткізілімдердің уақтылығы мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ тұрғындардың көрсетілген жылумен жабдықтау қызметтері үшін берешегі туралы жағдай талқыланды.
Тексеру қорытындысы бойынша РТИ шағын ауданының жылумен жабдықтау нысандарын алдағы жылыту маусымына дайындау бойынша барлық жоспарланған іс-шаралар толық көлемде орындалғаны атап өтілді. Жергілікті қазандықтар жылыту кезеңінің басталуына техникалық тұрғыдан дайын.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы