Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10 бабына сәйкес Қарағанды облысының Саран қалалық мәслихаты округтік сайлау комиссияларының жаңа он бір (11) құрамының қалыптасқаны туралы хабарлайды.
Округтік сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Округтік сайлау комиссиялары бес мүшеден тұратын құрамда құрылады.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардаң ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын озге қоғамдық бірлестіктердің және жоғарғы тұрған сайлау комиссияларның ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, озге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 15 қаңтарға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) шешімі, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келіс беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері Саран қалалық мәслихатының сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-saran?lang=ru орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аймақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, (бала асырап алушылар асырып алынған балалары), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон номері көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2023 жылғы 15 қаңтарға дейін, дүйсенбі - жұма күндері сағат 09:00 - 18:30 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ге дейін.
Саран қалалық мәслихаты
Баймаганбетов Омиржан Зейнешович – Саран қалалық мәслихатының хатшысы.
Мәслихаттың орналасқан жері: Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 67.
Жауапты тұлға – Малшибекова Заря Блялевна, № 203-кабинет, қалааралық телефон коды (872137) қызметтік 73908, 73909, ұялы телефон 87018738275, факс нөмірлері 73908, электрондық пошта мекенжайы – saranmaslihat@mail.ru.
Қалалық мәслихат он бір (11) округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды:
|
№ р/б |
Сайлау округтің нөмірі |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері (сайлау комиссиясы орналасқан ғимараттың мекенжайы) |
Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
1. |
№ 1 |
Саран қ., Жеңіс көшесі, 28-үй, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы-техникалық колледжі» коммуналды мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
5 |
|
2. |
№ 2 |
Саран қ., Ленин даңғылығы, 14-үй, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы-техникалық колледжі» коммуналды мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
5 |
|
3. |
№ 3 |
Саран қ., Абай көшесі, 25а-үй, «№ 17 мектеп гимназия» коммуналды мемлекеттік мекемесі |
5 |
|
4. |
№ 4 |
Саран қ., Жамбыл көшесі, 72- үй, «Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналды мемлекеттік мекемесі |
5 |
|
5. |
№ 5 |
Саран қ., 1 «А» ықшам ауданы, 26 -үй, «№ 6 жалпы білім беретін мектеп» коммуналды мемлекеттік мекемесі (оң қанаты) |
5 |
|
6. |
№ 6 |
Саран қ., 1 «А» ықшам ауданы, 26-үй, «№ 6 жалпы білім беретін мектеп» коммуналды мемлекеттік мекемесі (сол қанаты) |
5 |
|
7. |
№ 7 |
Саран қ., Жамбыл көшесі, 112- үй, «№ 9 арнаулы мектеп - интернаты» коммуналды мемлекеттік мекемесі |
5 |
|
8. |
№ 8 |
Саран қ., Кольцевой көшесі, 12- үй, «Саран техникалық колледжі» коммуналды мемлекеттік мекемесі |
5 |
|
9. |
№ 9 |
Саран қ., Ушаков көшесі, 8/1-үй, «Жалпы білім беретін мектеп № 2» коммуналды мемлекеттік мекемесі |
5 |
|
10. |
№ 10 |
Саран қ., Ақтас кенті, Космический көшесі, 11 -үй, «№ 16 жалпы білім беретін мектеп» коммуналды мемлекеттік мекемесі |
5 |
|
11. |
№ 11 |
Саран қ., Ақтас кенті, Кржижановский көшесі, 16а- үй, «Ақтас кенті мәдени-демалыс орталығы» (кіші залы) коммуналды мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
5 |
Саран қалалық мәслихаты