Құрметті қала тұрғындары және қонақтары!
Сіздерді қалалық мәслихатының атынан еліміздің әр азаматы үшін маңызды күн – Республика күнімен құттықтаймыз!
Бұл мереке Қазақстанның көпұлтты халқының бірлігінің, әр адамның өз Отанына деген шексіз сүйіспеншілігінің символына айналды.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы – қарқынды дамып және өркендеп келе жатқан мықты мемлекет!
Қазақстанның тұрақты дамуы мен ұлттық стратегиялық мүддесі жолында әрбіріңіздің еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!
Баршаңызды алда келе жатқан ұлық мереке — Республика күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақыт және ертеңгі күнге сенімділік тілейміз!
Ізгі тілекпен,
Приозерск қалалық мәслихаты
Республика күніне орай марапаттау
Қазақстан Республикасының Республика күніне орай Мәслихат аппаратының бюджет мәселелері жөніндегі бөлім басшысы Болжуров Улан Акылбекович атқарған еңбегі мен қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен орындағаны үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.
Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының округтық және учаскелік сайлау комиссияларының бос орнына комиссия мүшелерін сайлау туралы
ХАБАРЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Қарағанды облысының Приозерск қалалық мәслихаты алты округтік және алты учаскелік сайлау комиссияларының бос орнына комиссия мүшелерін сайлау туралы хабарлайды.
Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай қаланың аумақтық сайлау комиссиясы айқындады.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 30 қыркүйектен бастап 15 қазанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 30 қыркүйектен бастап 15 қазанға дейін дүйсенбі - жұма күндері 09:00-18:30 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ге дейін.
Приозерск қалалық мәслихаты
Исатаев Алтай Нәсіпбекұлы - қалалық мәслихаттың төрағасы.
Мәслихаттың орналасқан жері: Приозерск қаласы, Балхаш көшесі, 5 үй.
Жауапты адам - Шұға Бексейтқызы Мақышева - қалалық мәслихат аппаратының басшысы, қалааралық телефон коды (871039), жұмыс телелефоны 5-44-21, maslixat_prio@karaganda-region.gov.kz, 2 қабат.
Қалалық мәслихат 6 округтік және 6 учаскелік сайлау комиссияларының бос орнына комиссия мүшелерін сайлайды:
|
№
|
Округ сайлау комиссиясының нөмірі |
сайлау объектісінің (дауыс беруге арналған үй-жайдың) атауы |
Округтік сайлау комиссиясының мекенжайы |
Комиссия мүшелерінің саны |
||
|
Елді мекен |
Көше |
Үй |
||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
1 |
№ 1 |
«Приозерск қаласының орталық ауруханасы» КМК ғимараты |
Қарағанды облысы Приозерск қаласы |
Транспортная |
19 |
1 |
|
2 |
№ 2 |
«Приозерск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ «Приозерск қаласының спорт клубы» КММ ғимараты |
Қарағанды облысы Приозерск қаласы |
Достық көшесі |
27/2 |
2 |
|
3 |
№6 |
«Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің № 2 жалпы білім беретін мектебі» КММ ғимараты |
Қарағанды облысы Приозерск қаласы |
Достық көшесі |
20 |
1 |
|
4 |
№7 |
«Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің «Достық» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» КМҚК ғимараты |
Қарағанды облысы Приозерск қаласы |
Космонавтов көшесі |
2 |
1 |
|
5 |
№ 9 |
«Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің «Достық» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» КМҚК ғимараты |
Қарағанды облысы Приозерск қаласы |
Космонавтов көшесі |
2 |
1 |
|
6 |
№11 |
«Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің № 1 жалпы білім беретін мектебі» КММ ғимараты |
Қарағанды облысы Приозерск қаласы |
Кисунько көшесі |
11А |
1 |
|
№
|
Сайлау учаскесінің нөмірі |
Сайлау объектісінің (дауыс беруге арналған үй-жайдың) атауы |
Сайлау учаскесінің мекенжайы |
Комиссия мүшелерінің саны |
||
|
Елді мекен |
Көше |
Үй |
||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
1 |
№ 227 |
«Приозерск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ «Приозерск қаласының спорт клубы» КММ ғимараты |
Қарағанды облысы Приозерск қаласы |
Достық көшесі |
27/2 |
1 |
|
2 |
№228 |
«Приозерск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ «Приозерск қаласының спорт клубы» КММ ғимараты |
Қарағанды облысы Приозерск қаласы |
Достық көшесі |
27/2 |
1 |
|
3 |
№ 230 |
«Қарағанды облысы білім басқармасы Приозерск қаласы білім бөлімінің № 2 жалпы білім беретін мектебі» КММ ғимараты |
Қарағанды облысы Приозерск қаласы |
Достық көшесі |
20 |
2 |
|
4 |
№231 |
«Қарағанды облысы білім басқармасы Приозерск қаласы білім бөлімінің № 2 жалпы білім беретін мектебі» КММ ғимараты |
Қарағанды облысы Приозерск қаласы |
Достық көшесі |
20 |
1 |
|
5 |
№ 234 |
«Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің «Достық» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» КМҚК ғимараты |
Қарағанды облысы Приозерск қаласы |
Космонавтов көшесі |
2 |
1 |
|
6 |
№ 235 |
«Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің № 1 жалпы білім беретін мектебі» КММ ғимараты |
Қарағанды облысы Приозерск қаласы |
Кисунько көшесі |
11А |
1 |
Приозерск қалалық мәслихаты
30.09.2026
СІЛТЕМЕ
1) Кандидаттардың округтік сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы өтінішінің нысаны 2) Кандидаттардың учаскелік сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы өтінішінің нысаны 3) Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар ұсыну насыны
Сессияға Приозерск қаласының әкімі Мансұр Талғатұлы Ахметов, қала әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессия барысында Приозерск қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына, коммуналдық шаруашылыққа, әлеуметтік салаға және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
Күн тәртібіне сәйкес Приозерск қаласы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі тыңдалды.
Сонымен қатар, қаланың 2026–2027 жылдардағы жылу беру маусымына дайындығы туралы есеп қаралып, алдағы қысқы кезеңге дайындық барысы талқыланды.
Жасөспірімдер мен кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссияның атқарған жұмысы, қалада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар, Приозерск қаласының құрылыс бөлімінің атқарған жұмысы және жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша жүзеге асырылған шаралар туралы есептер қаралды.
Бұдан бөлек, «Приозерск қалалық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне толықтырулар енгізу мәселесі қаралды.
Сондай-ақ Приозерск қаласының 2026–2028 жылдарға арналған бюджеті туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды.
Сессия барысында көп жылдан бері өзекті болып келген коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту, сондай-ақ халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтерін бекіту мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, әкімдіктің салалық комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу және заңнамадағы өзгерістерге байланысты бірқатар ұйымдастырушылық мәселелер қаралды.
Күн тәртібіне енгізілген барлық мәселелер толық қаралып, әрқайсысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Сессия қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі барлық мәселелер бірауыздан қолдау тауып, тиісті шешімдер қабылданды.
Сессия соңында қала әкімі Мансұр Талғатұлы мәслихат депутаттарына бірлесіп атқарған жұмыстары үшін ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Приозерск қаласының тұрғындарымен кездесу өткізеді.
Өңір басшысы тұрғындармен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді.
Халықпен кездесу 2026 жылғы 30 қыркүйек күні сағат 11.00-де Приозерск қаласының «Достық» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығында өтеді.
Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өтініштеріңізді жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) (8-71039) 5-30-06 телефоны бойынша қалдыруға немесе prio_akimat@akimat09.kz электрондық поштасына жіберуге болады.
Қалалық мәслихаттың VIII шақырылған депутаттарының кезекті XLV сессиясы 2026 жылдың 28 қыркүйегінде сағат 16.00- да тікелей трансляциялау арқылы қалалық мәслихаттың мәжіліс залында өтеді
Сессия күн тәртібінде:
6.Жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша атқарылған шаралар туралы есебі. (2026 жылы), (баяндаушы: Приозерск қаласының мансаптық орталығының басшысы М.Акимова)
7.Әртүрлі мәселелер.
Қалалық мәслихат төрағасы А.Исатаев
Приозерск қалалық мәслихатының VIII шақырылымдағы тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырыста қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралып, атқарылған жұмыстар мен алдағы кезеңге арналған міндеттер талқыланды. Бірлескен отырысқа қала әкімінің орынбасарлары Темірхан Айдарханұлы Айдарханов пен Алмас Ұланұлы Алмас, Қоғамдық кеңестің төрағасы, Приозерск қаласы бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық Кеңесінің төрағасы, мемлекеттік мекемелердің басшылары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Отырыстың күн тәртібіне 7 мәселе енгізілді. Қала әкімінің орынбасары Темірхан Айдарханұлы Айдарханов қаланың 2026–2027 жылдарға арналған қысқы жылу беру маусымына дайындығы туралы есеп берді,Қала әкімінің орынбасары Алмас Ұланұлы Алмас жасөспірімдер мен кәмелетке толмаған жастар жөніндегі комиссияның атқарылып жатқан жұмыстары туралы баяндады.,Приозерск қаласы әкімі аппаратының басшысы Жәнібек Досболұлы Ануарбеков Приозерск қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп берді, Приозерск қаласының құрылыс бөлімі басшысы Жұмахан Ақылгерейұлы Сарсембеков құрылыс бөлімінің атқарған жұмыстары туралы баяндама жасады, «Қарағанды облысы бойынша еңбек мобильділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Приозерск қаласының мансаптық орталығының басшысы Мақпал Шаймерденқызы Акимова жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша атқарылған шаралар туралы есеп берді, Приозерск қалалық мәслихаты аппаратының басшысы Шұға Бексейтқызы Мақышева «Приозерск қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне енгізілетін өзгерістер туралы баяндады. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті баяндамалар тыңдалып, депутаттар өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Сонымен қатар, алдағы кезеңде атқарылатын жұмыстардың тиімділігін арттыру, қала тұрғындарының әлеуметтік мәселелерін шешу және қаланың тұрақты дамуын қамтамасыз ету бағытында бірқатар ұсыныстар айтылды. Отырыс қорытындысы бойынша қалалық мәслихат депутаттары қаралған мәселелерді бірауыздан мақұлдап, оларды қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына ұсыну туралы шешім қабылдады.
Қалалық мәслихат депутаттары 2026 жылдың 25 қыркүйегінде сағат 17.00- ден 18.00-ге дейін қала тұрғындарының жеке мәселелері бойынша «Ашық есік» күнін өткізеді. Өтетін орны: Балқаш көшесі 5- үйдің 2 қабатында ораналасқан мәслихат ғимараты.
Анықтама және жазылу 8(71039) 5-33-16 телефоны арқылы.
Қарағанды облысы мәслихатының төрағасы Н.Көбжановтың төрағалығымен, Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, әкім орынбасарлары, басқарма және департамент басшылары, облыс қалалары мен аудандарының әкімдері және мәслихат төрағаларының қатысуымен кезекті сессия өтті. Отырста облыс әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен негізгі міндеттерді 2026 жылы іске асыру туралы есебі тыңдалды. 7 айдың экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқтала келе, инфрақұрылым, энергетика, газдандыру, жол құрылысы, ауыл шаруашылығын дамыту мен халықтың өмір сүру сапасын арттыруға ерекше назар аударылды. Ағымдағы жылы 2,9 мыңнан астам жұмыс орнын құра отырып, 322,5 млрд. теңгеге 44 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Мәслихаттың бақылауындағы ҚТҚ-мен жұмыс істеу, полигондардың жай-күйі, қалдықтарды сұрыптау, өлшеу жабдығының болмауы және жекелеген объектілерді паспорттау сияқты бірқатар шешілмеген мәселелер алдағы уақытта облыстық мәслихаттың бақылауында болмақ.
Денсаулық сақтау саласында қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін қаралып облыстық бюджет есебінен нозология бойынша дәрі дәрмекпен қосымша 16 пациентті қамтамасыз ету қажеттілігі анықталды. Сондай-ақ, облыс әкімінің жанынан Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі кеңес құрылды, ал жедел медициналық жәрдем станциясының құрылысы жобасы «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобаларының тізбесіне енгізілді.
Сессия шешімімен Қарағанды облысының аумағында үй жануарларын ұстау мен серуендету ережелерін де қабылданды. Жаңа аймақтық нышанды мақұлданды Сәулет-қала құрылысы кеңесі құрылды. Сондай-ақ, облыстық мәслихаттың қызметін жетілдіру мәселелерін қаралды.
«Қарағанды облысының (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағын берудің жаңа қағидаларын қабылданды.
Құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық және аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясы құрылыс бөлімінің есебі мен 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын қарап шықты.
Құрылыс жұмыстары мен тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған көлемнен артығымен орындалды, сондай-ақ Бәйтерек көшесі бойынша кәріз жүйесін салу жұмыстары жалғасуда. Әлеуметтік осал топтар үшін тұрғын үй сатып алу бағдарламасы аясында қажетті пәтерлер алынып, қосымша қаражат бөлінген жағдайда тағы да пәтерлер сатып алу мүмкіндігі қарастырылған. Инженерлік желілерді салу жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға жолданды. Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында қазандықтар жөнделіп, қажетті жабдықтар сатып алынды, магистральдық және орамішілік жылу, су, кәріз және электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, инженерлік желілердің тозу деңгейі төмендетілді, сондай-ақ көпқабатты тұрғын үйлердің басым бөлігі қысқы маусымға толықтай дайындалды. Қорытындылай келе алдағы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысына дейін есептерді толықтырып, нақтылау ұсынылды.