Құрметті депутаттар және сессияға қатысқандар!
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Приозерск қалалық мәслихатының атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы 2025 жылдың есебін назарларыңызға ұсынамын.
Қалалық мәслихаттың 11 депутатының 9 AMANAT, 1 Ақжол партиясы болса, 1 депутат өзін-өзі ұсыну арқылы сайланды. Әйелдер саны 1 (9,1%), ерлер 10 адам (90,9%) құрайды. Депутаттардың 90,9% (10 адам) білімі жоғары, оның ішінде 2 депутат екі жоғары білімі бар, ал 1 депутат экономика ғылымдарының кандидаты. 36,4% (4 адам) депутат екі және одан көп шақырылымда сайланған депутаттар.
VIII шақырылған депутаттардың 1 (9,1% - А.Исатаев) мәслихат өкілі, 1 (9,1% - Т.Қарабалаев) өндіріс саласынан, 1 (9,1% - Д.Дүйсембаев) үкіметтік емес сектордың өкілі, 4 (36,4% - М.Абдимуталипов, Қ.Айтбаев, Е.Абдурахманов, Б.Сатыбалдин) бизнес өкілдері, 1 (9,1% - Р.Ғалымжанов) коммуналдық саладан, 1 (9,1% - Р.Койшин) денсаулық сала өкілі, 2 (18,2% - М.Акимова, А.Бердімұратов) әлеуметтік сала өкілдері.
2024 жылдың соңында 1 депутаттың (Әліхан Әзімхан Бақытханұлы) өкілеттігі тоқтап, 2025 жылғы 30 наурызында өткен сайлауда №11 округ депутаты болып Бердімұратов Әділбек Алпысбайұлы AMANAT партиясынан сайланды.
Депутаттар жөніндегі толық ақпараттар мәлихаттың Facebook, Instagram әлеуметтік парақшалары, Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасындағы Приозерск қалалық мәслихатының интернет-ресурсында және қала әкімінің Telegram чатында тұрғындардың назарына жарияланды.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізінде ағымдағы жылдың қараша айында биыл сайланған депутат Бердімұратов Әділбек Алпысбайұлы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалында біліктілігін арттырды. Сонымен, қазіргі депутаттардың барлығы біліктілігін арттыру курстарынан өткен.
Қалалық мәслихат депутаттары қала әкімі өткізетін жедел кеңестер, қала әкімдігінің отырыстары мен қала әкімінің халықпен кездесуіне белсенді қатысып, атқарушы органдардың кеңестері мен консультативтік-кеңесші органдарының мүшесі болып табылады. Бұның бәрі өзара ақпарат алысуды жақсартуға, туындаған проблемалар бойынша бірігіп шешімдер табуға мүмкіндік береді.
Мәслихат қызметiнiң негiзгi нысаны сессия болып табылады, онда мәслихаттың қарауына заңдармен көрсетілген мәселелер шешiледi. Мәслихат өз өкiлеттiгiн сессияларда мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, депутаттары мен төрағасы арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
2025 жылы қалалық мәслихаттың 4 кезекті сессиясы, 7 кезектен тыс сессиясы өтіп, 61 мәселе қарастырылды, оның ішінде 4 нормативтік құқықтық акт бекітіліп, 1 нормативтік құқықтық актінің күші жойылды, 22 мемлекеттік органның есебі, бюджет мәселесі 5 рет, 26 әртүрлі комиссия құрамын бекіту мен өзгеріс енгізу мәселесі, 3 басқа мәселелер қарастырылды.
Қалалық мәслихаттың барлық іс-шаралары ашық және жариялы түрде өтеді. Сессияларға міндетті түрде қала әкімі мен оның орынбасарлары қатысады. Кәсіпорындардың, ұйымдардың, мемлекеттік органдардың басшылары шақырылады. Сессия жұмысының онлайн-трансляциясы тұрғындарға әр депутаттың жұмысын бақылауға мүмкіндік береді, сондықтан 2025 жылы өткен кезекті және кезектен тыс сессия отырыстарының барлығы онлайн-трансляциялау негізінде Приозерск қалалық мәслихатының Facebook, Instagram әлеуметтік парақшаларында трансляцияланды.
Сессия жоспарында белгіленген мәселелердің барлығы қарастырылды. Ол үшін қалалық газет пен интернет-ресурстары арқылы сессияның өтетін күні мен сессияның күн тәртібін алдын ала хабарлап отырдық.
Қалалық мәслихатта үш тұрақты комиссия жұмыс атқарады. Тұрақты комиссия есебі жыл сайын қалалық мәслихаттың сессиясында тыңдалады.
Қалалық мәслихаттың бюджет, қаржы, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тұрақты комиссия 11 отырыс өткізіп, 11 мәселе қарастырды. 1 көшпелі отырыс өткізіп, қаладағы азық-түлік тауарларына бағалардың өсуін тежеу бойынша тексеріс жүргізді.
Құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық және аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясы 6 отырыс өткізіп, 6 мәселе қарастырды. Қалада жасалып жатқан жұмыстарға тексеріс, жылу беру мерзіміне дайындық пен басқа коммуналдық мәселелер бойынша 31 көшпелі отырыс өткізді.
Әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясы 7 отырыс өткізіп, 27 мәселе қарастырды. 1 көшпелі отырыс өткізді.
Мәслихат депутаттары №1 қазандық жұмысы мен қаладағы салынып жатқан және жөндеу жұмыстары болып жатқан қаражат бөлінген нысандардың жұмыс барысын әрдайым назарда ұстауда. Атап айтсақ:
Депутаттар қаладағы атқарылып жатқан іс-шараларға қатысып, қаланы безендіру және абаттандыруға техникамен көмектесуді жалғастыруда, «Халықтың әлеуметтік осал топтары» санатына жататын азаматтарға көмек көрсетуде. Қаламыздың зейнеткер депутаттары мен құрметті азаматтары әрдайым мәслихаттың назарында. Биыл 8 наурыз, қарттар мен ұстаздар күні елеусіз қалдырмай 2, 3, 4, 5 шақырылған депутаттарын жене қаламыздың Құрметті азаматы Т.Абрамованы құттықтадық.
Депутат Қарабалаев Талғат Әлімжанұлы қала тұрғындарына жыл сайын ерлер арасында қысқы балық аулау жарысын өткізеді. «Бизнес саласындағы табысты қызмет» атты тақырыпта депутат Абдурахманов Ержан Нұрланбекұлы мектеп оқушыларымен кездесу өткізді. Депутат Бердімұратов Әділбек Алпысбайұлы балаларды қорғау күніне орай қаламыздың белсенді волонтер балаларға бір күндік демалыс ұйымдастырды. Депутат Койшин Руслан Қанатұлы түрлі санаттағы балаларға арналған мерекелік шараларды ұдайы ұйымдастырады. «Ардагерлерді ардақтау» жобасы нагізінде депутат Әбдімұталипов Мұса Жәлиұлы жастармен бірігіп, Кистенко Екатерина Федоровнаның ауласын жинауға, қыстық отынын дайындап, суын тасып беруге көмек берді. Жаңа жыл қарсаңында мәслихат депутаттарының түнгі ауысым кезекшілігіндегі полиция, аурухана, төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерін құттықтаулары әрдайым жалғасын табады.
Депутаттар қала аумағында өтетін «Таза Қазақстан», «Таза бейсенбілік» акцияларына белсенді қатысады.
Сондай-ақ партия бағдарламасын орындау мен іске асыру бойынша белсенділік көрсетті. Депутаттардың Facebook, Instagram әлеуметтік парақшалары бар. Бұның бәрі өзара ақпарат алысуды жақсартуға, туындаған проблемалар бойынша шешімдер табуға мүмкіндік береді.
Мәслихаттың Facebook, Instagram әлеуметтік парақшаларында 2023 жылы 550, 2024 жылы 1070, 2025 жылы 1468 астам жарияланым бар. Жазылғандар саны Facebookта 1312 адамнан, Instagram 3958 адамнан асады (өткен жылы 1312-3906 адам болған).
Әр айдың соңғы жұма күні мәслихат депутаттары «Ашық есік күнін» өткізеді, 9 адам қабылдауда болып (2024 жылы 6 адам), коммуналды және әлеуметтік мәселе бойынша сұрақтар қойды.
2025 жылы депутаттар халықпен 156 кездесу өткізіп, әртүрлі 218 мәселе бойынша сұрақтар түсті. Депутаттар тарапынан жауап беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жергілікті деңгейде Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз етуді мәслихат жүзеге асырады және Қоғамдық кеңестің барлық жұмысы қалалық мәслихаттың интернет-ресурсында, Instagram және Facebook парақшаларында жарияланады.
2025 жылдың ақпан айында Приозерск қаласының Қоғамдық кеңесінің жаңа 11 адамнан тұратын жаңа құрамы сайланды. Кеңес құрамының резервтік тізіміне 5 адам енгізілді. Қазан айының соңында үш кеңес мүшесінен өтініш түсіп, белгіленген уақыт ішінде жаңа екі кандидат Қоғамдық кеңеске сайланып, ревервтен бір кандидат енгізілді. Қоғамдық кеңес құрамына қызмет көрсету саласының, бизнестің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, мемлекеттік қызметші мен басқалары кіреді және кеңестің 54,5% жастар құрайды.
Есепті кезеңде Қоғамдық кеңестің 22 отырысы өтіп, онда мемлекеттік органның әртүрлі 37 мәселелері бойынша есептері тыңдалып қабылданды. Жыл басынан 6 нормативті-құқықтық акт қарастырылып, барлығына оң қорытынды берілді.
Қалалық мәслихат төрағасы ретінде күн сайын сайлаушылардың жеке сауалдары бойынша қабылдау жүргіземін. Есеп беру кезеңінде 3 адам қабылдауда болып, 3 сауал қойып, сол мезетте барлығына жауаптарын алды.
Есеп беру кезеңінде «Е-Өтініш» бағдарламасының қоғамдық қабылдауына 12 өтініш тіркеліп, уақытылы жауап берілді.
«AMANAT партиясының» қоғамдық қабылдауына келген зейнеткер Калилаева Бахтыгүл Құмарқызына қалалық мәслихат депутаттары тұрмыстық техникамен көмек көрсетті.
Жоғарғы органдарға:
Жергілікті органдарға:
5 Дәрігерлерді тұрғын үйлермен қамтамасыз ету туралы (Қала әкімі М.Ахметов) сауалдар жолданды.
Құрметті әріптестер!
Мен қалалық мәслихаттың 2025 жылы атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы сіздерді хабардар етіп отырмын.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылдың 08 қыркүйегіндегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында:
«Біз жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу арқылы экономиканы жаңғыртуымыз қажет... Жаңа технологиялық қалыптың ажырамас бөлігіне айналу үшін бүкіл мемлекеттік басқару жүйесін қайта құрып, оның азаматтар мүддесіне сай болуын қамтамасыз ету, сондай-ақ ашықтығы мен тиімділігін еселеп арттыру керек.» - деді. Сондықтан, құрметті депутаттар, өз жұмысымызда жасанды интеллектіні белсенді түрде қолданып, жұмысымызды жандандырайық.
Сессия және тұрақты комиссия жұмысын одан әрі жетілдіруде, әр депутаттың белсенділігін арттыруда сіздерден ұсыныс күтеміз.
Приозерск қалалық мәслихатының төрағасы А.Исатаев