Приозерск қалалық мәслихатының атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы 2024 жылғы есебі

Приозерск қалалық мәслихатының атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы 2024 жылғы есебі

 

Құрметті қала тұрғындары!

        

         Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Приозерск қалалық мәслихатының атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы 2024 жылдың есебін назарларыңызға ұсынамын. Мәслихат - қаланың халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.

11 депутаттың 9 AMANAT, 1 Ақжол партиясы болса, 1 депутат өзін-өзі ұсыну арқылы сайланды. Әйелдер саны 1 (9%), ерлер 10 адам (91%) құрайды.

Депутаттардың 73% (8 адам) білімі жоғары, оның ішінде 38% (3 адам) екі жоғары білімі бар. 36% (4 адам) депутат екі және одан көп шақырылымда сайланған депутаттар.

VIII шақырылған депутаттардың 1 (9,09%) өндіріс саласынан, 1 (9,09%) партия атынан,4 (36,36%) бизнес өкілдері, 1 (9,09%) коммуналдық салаөкілі, 1 (9,09%) денсаулық сала өкілі, 1 (9,09%) әлеуметтік сала өкілі, басқа саладан 2 (18,18%) депутат.

         2023 жылдың соңында 2 депутат (Б.Жарылғапов, И.Бейскеева) өз еркімен және басқа елді мекенге көшуіне байланысты депутаттық өкілеттіктерін тоқтатты. 2024 жылғы 31 наурызында өткен сайлауда №7 және 10 округ депутаттары болып Ғалымжанов Руслан Еркінбайұлы, Қойшин Руслан ҚанатұлыAMANAT партиясынан сайланды. 

                  Депутаттар жөніндегі толық ақпараттар (аты-жөні, лауазымы, телефоны, округі мен суреті) мәлихаттың Facebook, Instagram әлеуметтік парақшалары, Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасындағы Приозерск қалалық мәслихатының интернет-ресурсында  және қала әкімінің Telegram чатында тұрғындардың назарына жарияланды.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізінде ағымдағы жылдың қазанайында Приозерск қалалық мәслихатыныңдепутаттары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалында «Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін күшейтудің заманауи тәсілдері» атты тақырыпта біліктіліктерін арттырды.

         Қалалық мәслихат депутаттары қала әкімі өткізетін жедел кеңестер, қала әкімдігінің отырыстары мен қала әкімінің халықпен кездесуіне белсенді қатысып, атқарушы органдардың кеңестері мен консультативтік-кеңесші органдарының мүшесі болып табылады. Бұның бәрі өзара ақпарат алысуды жақсартуға, туындаған проблемалар бойынша бірігіп шешімдер табуға мүмкіндік береді.

         2024 жылы қалалық мәслихаттың 3 кезекті сессия, 7 кезектен тыс сессия өтіп 63 мәселе қарастырылды, оның ішінде 3 нормативтік құқықтық акт, 22 мемлекеттік органның есебі, бюджет мәселесі 6 рет, 31 әртүрлі комиссия құрамын бекіту мен өзгеріс енгізу мәселесі, 1 басқа мәселелер  қарастырылды.

Жергілікті бюджеттің жартысы әлеуметтік салаға бөлінетініне қарамастан, бюджеттіқарастыру кезінде депутаттар халықтан түскен ұсыныстарды ескере отырып, тұрғын-үй қорын қалыпқа келтіру, жертөле мен шатырларды жөндеу жұмыстарына қаражат бөлуге көңіл бөлді. Қалада салынып жатқан нысандарды аралап, мердігерлерге ұсыныстары мен кемшіліктерін көрсетіп отырды.

2024 жылы өткен кезекті және кезектен тыс сессия отырыстарының барлығы онлайн-трансляциялаунегізінде Приозерск қалалық мәслихатыныңFacebook,Instagram әлеуметтік парақшаларында трансляцияланды. Сессия жұмысының онлайн-трансляциясы тұрғындарға әр депутаттың жұмысын бақылауға мүмкіндік береді.

Сессия жоспарында белгіленген мәселелердің барлығы қарастырылды. Ол үшін қалалық газет пен интернет-ресурстары арқылы сессияның өтетін күні мен сессияның күн тәртібін алдын ала хабарлап отырдық.

Қалалық мәслихатта үш тұрақты комиссия жұмыс атқарады. Тұрақты комиссия есебі жыл сайын қалалық мәслихаттың сессиясында тыңдалады.

Қалалық мәслихаттың бюджет, қаржы, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тұрақты комиссия 7 отырыс өткізіп, 7 мәселе қарастырды. 4көшпелі отырыс өткізіп,қаладағы бағаларға, жасалып жатқан жұмыстарғатексеріс жүргізді.

Құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық және аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясы6 отырыс өткізіп, 6 мәселе қарастырды. Қалада жасалып жатқан жұмыстарға тексеріс, жылу беру мерзіміне дайындық пен басқа коммуналдық мәселелер бойынша 30 көшпелі отырыс өткізді.

Әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясы 6отырыс өткізіп, 7 мәселе қарастырды. Қаладағы білім беру мекемерінде 4 көшпелі отырыс өткізді.

Мәлихаттың Facebook, Instagram әлеуметтік парақшаларының сілтемелері қала әкімінің Telegram-чатында жарияланып отырды.

Приозерск қалалық мәслихатының 1070 аса (2022-2023 жылдары 550 астам) жарияланымы бар Facebook, Instagram әлеуметтік парақшалары бар. Жазылғандар саны Facebookта 1312 адамнан, Instagram 3906 адамнан асады (өткен жылы 900-4350 адам болған).

Приозерск қалалық мәслихатының депутаттары мен аппарат қызметкерлері «Халықтың әлеуметтік осал топтары» санатына жататын азаматтарға көмек көрсетуді жалғастыруда,сондай-ақ қалада өтетін түрлі акцияларға белсенді қатысуда. Зейнеткер депутаттар әрдайым мәслихаттың назарында.

Экологияға зор ықпал етуде «Таза Қазақстан» акциясы аясында депутаттар мен мәслихат қызметкерлері ағаш отырғызу, абаттандыру мен сенбіліктерге белсенді қатысты.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында балалар спортын жолға қоюды тапсырды. Депутаттық бағдарламаны іске асыру аясында депутат Қайнар Қайсарұлы балалардың Қарқаралыға оқу-жаттығу жиынына баруға демеушілік жасап, депутаттар халықаралық балаларды қорғау күніне орай қазақша күрестен қалалық мәслихат кубогінің ашық турнирін, тхеквондодан 29 жасөспірімдер арасында жарыс ұйымдастырып өткізді.

Солтүстік Қазақстан облысының су басқан аумақтарына Қарағанды облысының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары атынан гуманитарлық көмек жөнелтілді. Қалалық мешіттің ұйымдастыруымен, қала тұрғындарының атынан Қарағанды облысы Шет ауданында су тасқынынан зардап шеккен елді мекен тұрғындарына қайырымдылық көмек көрсетілді.

Сондай-ақ партия бағдарламасын орындау мен іске асыру бойынша белсенділік көрсетті. Депутаттардың көбінде Facebook, Instagram әлеуметтік парақшалары бар. Бұның бәрі өзара ақпарат алысуды жақсартуға, туындаған проблемалар бойынша шешімдер табуға мүмкіндік береді.

Мәслихат депутаттары әр айдың соңғы жұма күні «Ашық есік күнін» өткізді, 6 адам қабылдауда болып, коммуналды және әлеуметтік мәселе бойынша сұрақтар қойды.

2024 жылыдепутаттархалықпен 76 кездесу өткізіп,әртүрлі 164 мәселе бойынша сұрақтар түсті. Депутаттар тарапынан жауап беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жергілікті деңгейде Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз етуді мәслихат жүзеге асырады және Қоғамдық кеңестің барлық жұмысы қалалық мәслихаттың интернет-ресурсында, Instagram және Facebook парақшаларында жариаланады.

Приозерск қаласының Қоғамдық кеңесінің құрамында 9 адам. Кеңес құрамына қызмет көрсету саласының, бизнестің, үкіметтік емес ұйымдардыңөкілдері және мемлекеттік қызметші кіреді.

Есепті кезеңде Қоғамдық кеңестің 18 кезекті және 15 кезектен тыс отырысы өтіп, онда мемлекеттік органның әртүрлі мәселелері бойынша есептері тыңдалып қабылданды. Жыл басынан 15 нормативті-құқықтық акт қарастырылып, барлығына оң қорытынды берілді.

Қалалық мәслихат төрағасы ретінде күн сайын сайлаушылардың жеке сауалдары бойынша қабылдау жүргіземін. Есеп беру кезеңінде 2 адам қабылдауда болып, 2 сауал қойып, сол мезетте барлығына жауаптарын алды.

Есеп беру кезеңінде «Е-Өтініш» бағдарламасының қоғамдық қабылдауына 14 өтініш тіркеліп, уақытылы жауап берілді.

 

Жоғарғы органдарға:

1) Приозерск қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің шатырлары мен қасбеттерін жөндеуге қаражат қарастыру;

2) Приозерск қаласының орталық ауруханасы бойынша кадр мәселесін, аккредиттеуді жүргізу, ЦЛП енгізу бойынша мамандарды дайындау, дәрігерлердің біліктілігін арттыру,  2 дәрігерді лапароскоппен және эндоскоппен жұмыс істеуге үйрету, аурухананың шатыры мен сыртқы корпусын жөндеу мен мәйітхана ғимаратын жөндеу;

3)Қалалық бюджетте 3 көппәтерлі тұрғын  үйлердің қасбеттері мен шатырларын жөндеуге облыстық бюджетті нақтылау кезінде қаражат бөлінуіне ықпал ету;

4) Жеңіс Бульвары 38А тұрғын үйдің қасбетін жөндеу туралы депутаттық сауалдар жолдап, жауаптарын алдым.

 

Жергілікті органдарға:

1)Дружба Народов көшесі 2 үй, 116 пәтер тұрғыны А.Әбілдаевтың «Эко сарбаз» бағдарламасы бойынша жұмыс істеп жалақысын ала алмағаны;

2) Приозерск Сhat - арқылы тұрғындардың Кисунько көшесіндегі кәріз құбырларының толып сыртқа ағып жатқаны;

         3) Салынған жолдардың кемшіліктерін жою үшін, мердігерге кепілдік мерзімі аяқталмай тұрып, су жиналатын жолдарды қайта жөндету;

4) Жеңіс даңғылы саябағындағы газонөсіру бойынша;

5) Достық 29 тұрғын үйдің су мәселесі бойынша сауалдар жолданды.

Мәслихат аппаратының кызметкерлері қалада өтетін іс-шараларға белсенді қатысады.

2024 жылы Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 30 жылдығын атап өтуіне орай «30 игі іс» акциясы аясында бірқатар жұмыстар жасалды:

- жергілікті газет пен мәслихаттың интернет парақшаларында 1994 жылдан бері сегіз шақырылған депутаттар жариялап отырды;

-  халықаралық әйелдер күні көпбалалы аналарды марапаттады;

- қалалық мәслихат ардагерінің үйін ағаш отынмен қамтамасыз етті;

- қалада ауыз бекіткен кісілерге су мен құрма таратты;

- ұлттық ойындарды насихаттау аясында оқушы балалар арасында асық атудан жарыс өткізді;

- 2024 жылы жақсы бітірген 12 оқушы марапатталды;

- «Мектепке жол» акциясы негізінде жағдайы төмен балаларға мектепке қажетті заттар алып берді;

- №1 жалпы білім беретін мектепте қазақ сыныбының ашылуына себепші болған Сүлейменов Дәлелбек Адамбекұлына арналған «Тағылымды із қалдырған Дәлелбек» атты іс-шара ұйымдастырды.

- Ағымдағы жылдың 01 қарашасында Приозерск қаласының әкімі мен сегіз шақырылған депутаттары «Приозерск қаласының дамуындағы мәслихаттың рөлі» атты дөңгел үстелге жиналып, өз ойларын ортаға салды. Дөңгелек үстел марапат пен концерттік бағдарламамен аяқталды.

Жоғарыда аталған іс-шаралар демеушілік көмектер арқылы жасалып,  жергілікті бюджеттен қаржы бөлінбеді.

 

Құрметті қала тұрғындары!

 

         Мен қалалық мәслихаттың 2024 жылы атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы сіздерді хабардар етіп отырмын.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты жолдауында: «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыруды депутаттардың бақылауда ұстауын, бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпарат жүйесін жасауда жұмыстың барысы жөнінде депутаттық корпусқа есеп беруін, бұқаралық спорт пен балалар спортын дамытуда депутаттардың заңға өзгеріс енгізуіне көңіл бөлуін айтып, депутаттардың барлық мәселеге белсенді болуын атап өтсе, барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының II республикалық форумында: - әсіресе, мәслихат депутаттары мен әкімдердің бірлесе жұмыс істегені жөн. Өйткені оларды мемлекеттің жергілікті жердегі қос тірегі деуге болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сессияжәне тұрақты комиссия жұмысын одан әрі жетілдіруде, әр депутаттың белсенділігін арттыруда сіздерден ұсыныс күтеміз.

        

Приозерск қалалықмәслихатының төрағасыА.Исатаев

 

Дата публикации
23 декабря 2024