2023 жылғы 15 ақпанда Приозерск қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Отырыста келесі мәселелер қарастырылды:
- «Призерск қаласындағы шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы» қалалық мәслихат шешімінің жобасына ұсыным беру туралы.
- «Призерск қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 14 мамырдағы № 21/80 «Приозерск қаласының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды анықтау туралы» қаулысының күшін жою туралы» қала әкімдігінің қаулы жобасына ұсыным беру туралы.
- Приозерск қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 19/137 бірлескен қаулысының және Приозерск қалалық мәслихатының 2019 жылғы 21 мамырдағы № 30/298 «Приозерск қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы» қала әкімдігінің бірлескен қаулысының және қалалық мәслихаттың шешімінің жобасына усыным беру туралы.