«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Приозерск қалалық мәслихатының аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 30.09.2026 - 01.10.2026
Қабылдау 1 этап: 30.09.2026- 01.10.2026
Қабылдау 2 этап: 02.10.2026
Практикалық бағалау: 03.10.2026
Анықтама телефоны: 87754464042
E-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
"Приозерск қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маман-заңгері, E-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, қалалық мәслихат сессияларының шешімдерін, сессия төрағаларының тапсырмаларын, тұрақты жұмыс істейтін комиссиялардың шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету және ұйымдастыру. Мәслихат төрағасының өкімдері мен қалалық мәслихат сессияларында қабылданған барлық актілердің заңдылығын қадағалап, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелуін және заң аясында ақпарат құралдарында уақытылы жариялануына жауапты. Нормативтік құқықтық актілер туралы есептерді, мониторингті жүргізу. Қалалық мәслихаттың аппарат қызметкерлерімен және қалалық мәслихат депутаттарымен құқықтық оқу жүргізу. Мәслихатта қаралатын мәселелер бойынша заңды кеңес беру. Қабылданған өкімдер мен шешімдерге сараптама жасайды. Өз міндетіне қатысты ақпараттарды мәслихаттың интернет- ресурсына жариялайды. Қалалық мәслихат аппаратының нормативтік-құқықтық актілері мен басқа да құжаттарын қалалық мемлекеттік мұрағатқа тапсыруды қамтамасыз етеді және ұйымдастырады. Қалалық мәслихат рәміздерінің заңға сәйкес болуына жауапты.
Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: халықаралық құқық, құқықтану
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді;
бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.