Нұра ауданының аудандық аурухана
басшысының өзіне жүктелген міндеттерін
орындау туралы есебі
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1- тармағының 6) тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
- Нұра ауданының аудандық аурухана басшысы У.Мазитовтың өзіне жүктелген міндеттерін орындау туралы есебі назарға алынсын.
- Аудандық мәслихат ұсынады:
- Халыққа сапалы алғашқы амбулаториялық-емханалық көмек көрсетілсің;
- науқастарға медициналық көмек көрсетукезінде диагностика және емдеу стандарттарын енгізу, сондай – ақауданның медициналық мекемелерінің олардың сақталуын бақылауы жүзеге асырылсын;
- салауатты өмір салтың насихаттау бойынша халық арасында жұмысы ұйымдастырылсын;
- медициналық кадрлар ұтымды пайдаланылсын;
- шалғайдағы ауылдық елді мекен тұрғындарына уақытылы әрі сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында Баршын ауылының медициналық мекемесіне автокөлік беру мүмкіндігі қарастырылсын.
- Осы шешімінің орындалуы Нұра аудандық мәслихатының Әлеуметтік-мәдени дамуы, халықты әлеуметтік қорғау, азаматтардың құқығын қорғау және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Т.И. Смаиловаға жүктелсін.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы К. Жунусбеков