Нұра ауданының Кенжарық ауылдық округінің шекарасын өзгерту туралы ұсыныс

Нұра ауданының Кенжарық ауылдық округінің

шекарасын өзгерту туралы ұсыныс

 

 

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 2) тармағына және 12-бабының 2) және 4) тармақтарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-1-бабының 4-1) тармағына сәйкес, Нұра ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Нұра аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қарағанды облысының әкімдігіне және Қарағанды облыстық мәслихатына қосымшаға сәйкес жалпы ауданы 491 107 гектар Кенжарық ауылдық округінің шекарасын белгілей отырып, Соналы ауылының әкімшілік-аумақтық бағынысымен Соналы ауылдық округінің 362 400 га жерін қосу жолымен Кенжарық ауылдық округінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы ұсыныс келісуге енгізілсін.
  2. Соналы ауылдық округі есептік деректерден шығарылсын.

 

 

Нұра ауданының әкімі                                                        Б.Муканов

 

 

Нұра аудандық

мәслихатының  төрағасы                                                   К.Жунусбеков

 

Орынд.: Кусаинова А.Ж.

тел.:87214422537

 

Дата публикации
05 марта 2026