Аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХVІІ сессиясының күн тәртібі туралы

Аудандық мәслихаттың

кезектен тыс ХХVІІ сессиясының

күн тәртібі туралы

 

 

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2025 жылғы 21қарашадағы

№ 186 шешімі

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Нұра аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХVІІ (жиырма жетінші) сессиясының күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:

  1. Нұра ауданы бойынша жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесін төмендету туралы.
  2. Нұра ауданының жер учаскелеріне салық салу мақсаттары үшін жерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) және жер салығының мөлшерлемелерін арттыруын бекіту туралы.
  3. Нұра ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы.
  4. Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 16 ««Нұра аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешімін жою туралы.

 

 

Аудандық мәслихаттың

төрағасы                           К. Жунусбеков

 

Дата публикации
27 ноября 2025